Экономика

Халық зейнетақы жинағының жеткілікті шегі көтерілетінін білді – Тоғжанов

© Sputnik / Владислав ВодневЕралы Тугжанов
Ералы Тугжанов - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.12.2021
Жазылу
Ералы Тоғжанов 606 мың қазақстандықтың зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу мүмкіндігін пайдаланғанын атап өтті
НҰР-СҰЛТАН, 14 желтоқсан – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов зейнетақы жинағының жеткілікті шегі ұлғаюына қатысты түсініктеме берді.
Сейсенбіде журналистер шенеуніктен шекті жоғарылату туралы ақпарат неліктен 2021 жылдың аяқталуына бір ай қалғанда белгілі болғанын сұрады.
"Біріншіден, үкімет үнсіз қалған жоқ. Екіншіден, бұл шешім 2021 жылдың 6 қаңтарында қабылданды. Адамдар біледі, халық ол туралы жақсы білді. Егер жыл соңында ғана белгілі болса, 606 мың адам бұл мүмкіндікті пайдаланбас еді. Азаматтар баспана мәселесін шешуге, емделуге 2,2 триллион теңге алды. Бұл қомақты сома", - деді Тоғжанов.
Қазақстанда 3 желтоқсанда 2022 жылы жинақталған зейнетақы қаражатын мерзімінен бұрын алудың жеткілікті шегі күрт өсетіні белгілі болды. Зейнетақы жинағын пайдалану үшін жеткілікті шек болуы қажет: 21 жаста – 3,2 миллион теңге, 22 жаста – 3,3 миллион теңге, 30 жаста – 4,4 миллион теңге, 40 жаста – 5,8 миллион теңге, 50 жаста – 7,4 миллион теңге.
Бастапқыда жеткілікті шекті 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап көтеру жоспарланған болатын, бірақ наразылық толқынынан кейін президент оны 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін кейінге шегеру туралы шешім қабылдады.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
0