Экономика

Мамин Тоқаевқа әлеуметтік-экономикалық даму туралы баяндады

© Sputnik / Абзал КалиевПриспущенный флаг, Акорда
Приспущенный флаг, Акорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.12.2021
Жазылу
Сондай-ақ президентке биылғы қаңтар-қазан аралығындағы сыртқы сауда айналымының көрсеткіштері туралы мәлімет берілді
АЛМАТЫ, 14 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы премьер-министр Асқар Маминді қабылдады. Президентке еліміздің биылғы 11 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары, инфляциямен күрес, санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жөнінде есеп берілді, деп хабарлады Ақорда.
Асқар Мамин Қазақстанның экономикасы пандемия жағдайына сәтті бейімделіп, экономикалық өсімнің қарқынды дамып келе жатқанын айтты. 11 айдың қорытындысы бойынша ІЖӨ 3,8%-ке артқан.
Сондай-ақ президентке биылғы қаңтар-қазан аралығындағы сыртқы сауда айналымының көрсеткіштері туралы мәлімет берілді.
Премьер-пинистрдің мәліметіне сәйкес, сыртқы сауда көлемі 82,2 миллиард долларды құрады. Бұл былтырғы осы кезеңдегі көрсеткішпен салыстырғанда 14,1%-ке артық. Сонымен қатар экспорттың көлемі 23,5%-ке көбейіп, 49,1 миллиард долларға дейін жеткен. Ал өңделген тауарлардың экспорты 24,4%-ке артқан. Сауда теңгерімі 16 миллиард долларға жеткен.
Мемлекет басшысына азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасын тұрақтандыру, инфляцияға қарсы іс-қимылдың кешенді шараларын жүзеге асыру жөнінде баяндалды.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал, соның ішінде халыққа вакцина салу жұмыстарының қарқыны туралы мәлімет берілді.
Асқар Мамин президентке сыртқы және ішкі инвестицияларды тарту ісін күшейтуге, шағын және орта бизнестің әлеуетін арттыруға, өңірлерді дамытуға, өңдеу секторының өсімі есебінен экономиканың құрылымдарын одан әрі әртараптандыруға бағытталған шаралардың жүзеге асырылу барысы туралы айтты.

Оқи отырыңыз: 

 
Жаңалықтар
0