https://sputnik.kz/20211214/Mangystau-Semey-Zholaushylar-tasymaly-18899040.html
Маңғыстау-Семей: "Жолаушылар тасымалы" екі бағыт бойынша өзгерісті хабарлады
Маңғыстау-Семей: "Жолаушылар тасымалы" екі бағыт бойынша өзгерісті хабарлады
Sputnik Қазақстан
Пойызда жолаушылар мультимедиялық ресурсты ішкі желі арқылы пайдалана алады 14.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-14T20:39+0500
2021-12-14T20:39+0500
2023-08-09T16:44+0500
өңірлер
семей
қтж
маңғыстау облысы
https://sputnik.kz/img/07e5/02/09/16247601_0:99:1920:1179_1920x0_80_0_0_79474ac01cf1c94bdb4cdaa5a30a86cd.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 14 желтоқсан – Sputnik. Алматы мен Ақтау арасында тальго пойызы жүретін болды, деп хабарлады "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі.Пойыздың жалпы жолдағы уақыт 41 сағат 49 минутты құрайды. Пойыз екі құрамнан жасақталған және жұп күндері жүреді. Олардың әрқайсысында 324 орындық "Турист" санатындағы вагондар, сондай-ақ вагон-бар және вагон-мейрамхана қарастырылған.Пойызда жолаушылар мультимедиялық ресурсты ішкі желі арқылы пайдалана алады. Әуе тасымалдаушыларындағы сияқты олар өздерінің жеке құрылғыларының (ұялы телефондар, портативті компьютерлер) көмегімен сервердегі ойын-сауық бағдарламаларын, фильмдерді көре алады.Бұл бағыт 12 желтоқсаннан бастап жолаушылар пойыздары қозғалысының жаңа кестесі аясында енгізілді. Кесте бойынша Қазақстанда 118 жұп пойыз жүретін болады. Оның 95-і "Жолаушылар тасымалы"АҚ-на, ал қалған 23-і жеке тасымалдаушыларға тиесілі.Сонымен қатар "Маңғыстау – Нұр-Сұлтан-Нұрлы Жол" пойызының жол жүру маршруты Семей станциясына дейін ұзартылды. Енді бұл пойыз "Маңғыстау – Семей" деп аталады, ал оның ұзындығы 3233 км. Бір бағыттағы жол жүру уақыты - 62 сағат 21 минут. Пойыз жұп күндері жүреді.Оқи отырыңыз:
семей
маңғыстау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/02/09/16247601_108:0:1812:1278_1920x0_80_0_0_c2ac857f8e1201fb5408b99bec4322ed.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
семей, қтж, маңғыстау облысы
семей, қтж, маңғыстау облысы
Маңғыстау-Семей: "Жолаушылар тасымалы" екі бағыт бойынша өзгерісті хабарлады
20:39 14.12.2021 (жаңартылды: 16:44 09.08.2023) Пойызда жолаушылар мультимедиялық ресурсты ішкі желі арқылы пайдалана алады
НҰР-СҰЛТАН, 14 желтоқсан – Sputnik. Алматы мен Ақтау арасында тальго пойызы жүретін болды, деп хабарлады "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі.
Пойыздың жалпы жолдағы уақыт 41 сағат 49 минутты құрайды. Пойыз екі құрамнан жасақталған және жұп күндері жүреді. Олардың әрқайсысында 324 орындық "Турист" санатындағы вагондар, сондай-ақ вагон-бар және вагон-мейрамхана қарастырылған.
Пойызда жолаушылар мультимедиялық ресурсты ішкі желі арқылы пайдалана алады. Әуе тасымалдаушыларындағы сияқты олар өздерінің жеке құрылғыларының (ұялы телефондар, портативті компьютерлер) көмегімен сервердегі ойын-сауық бағдарламаларын, фильмдерді көре алады.
Бұл бағыт 12 желтоқсаннан бастап жолаушылар пойыздары қозғалысының жаңа кестесі аясында енгізілді. Кесте бойынша Қазақстанда 118 жұп пойыз жүретін болады. Оның 95-і "Жолаушылар тасымалы"АҚ-на, ал қалған 23-і жеке тасымалдаушыларға тиесілі.
Сонымен қатар "Маңғыстау – Нұр-Сұлтан-Нұрлы Жол" пойызының жол жүру маршруты Семей станциясына дейін ұзартылды. Енді бұл пойыз "Маңғыстау – Семей" деп аталады, ал оның ұзындығы 3233 км. Бір бағыттағы жол жүру уақыты - 62 сағат 21 минут. Пойыз жұп күндері жүреді.