https://sputnik.kz/20211214/Batys-kazakstan-orman-18898505.html
Батыс Қазақстанда орман шаруашылығы инспекторы көз жұмды: министрлік өлім себебін айтты
Батыс Қазақстанда орман шаруашылығы инспекторы көз жұмды: министрлік өлім себебін айтты
Sputnik Қазақстан
Әлеуметтік желідегі ақпарат бойынша Серік Мәженов браконьерлердің қолынан қайтыс болған 14.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-14T19:15+0500
2021-12-14T19:15+0500
2023-08-09T09:47+0500
қоғам
орман
басшы
батыс қазақстан облысы
https://sputnik.kz/img/561/27/5612711_0:59:1920:1139_1920x0_80_0_0_be42fd19ddf031b0e31836a5aad97ca0.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 14 желтоқсан – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Серік Мәженов көз жұмды. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі қайғылы жағдайға қатысты пікір білдірді.Серік Мәженовтың қайтыс болғаны туралы ақпарат желіде пайда болған еді. Ондағы мәлімет бойынша Серік Мәженов браконьерлердің қолынан қайтыс болған.Ведомство инспектордың өлімін растады. Алайда оған браконьерлердің қатысы жоқ екенін мәлімдеді."14 желтоқсан күні сағат 09.30 шамасында Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Ақжайық ауылында елді мекеннен 10-12 шақырым жерде облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Мәженов Серік Сағындықұлы қаруды абайсыз пайдалану салдарынан көз жұмды", – деп хабарлады министрлік.Оның өліміне қатысты өзге ақпараттар нақтыланып жатыр.Министрлік марқұмның жақындарына көңіл айтты.Оқи отырыңыз:
батыс қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/561/27/5612711_170:0:1877:1280_1920x0_80_0_0_63ec432067c137409ca7fed6d72da413.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
орман, басшы, батыс қазақстан облысы
орман, басшы, батыс қазақстан облысы
Батыс Қазақстанда орман шаруашылығы инспекторы көз жұмды: министрлік өлім себебін айтты
19:15 14.12.2021 (жаңартылды: 09:47 09.08.2023) Әлеуметтік желідегі ақпарат бойынша Серік Мәженов браконьерлердің қолынан қайтыс болған
НҰР-СҰЛТАН, 14 желтоқсан – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Серік Мәженов көз жұмды. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі қайғылы жағдайға қатысты пікір білдірді.
Серік Мәженовтың қайтыс болғаны туралы ақпарат желіде пайда болған еді. Ондағы мәлімет бойынша Серік Мәженов браконьерлердің қолынан қайтыс болған.
Ведомство инспектордың өлімін растады. Алайда оған браконьерлердің қатысы жоқ екенін мәлімдеді.
"14 желтоқсан күні сағат 09.30 шамасында Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Ақжайық ауылында елді мекеннен 10-12 шақырым жерде облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Мәженов Серік Сағындықұлы қаруды абайсыз пайдалану салдарынан көз жұмды", – деп хабарлады министрлік.
Оның өліміне қатысты өзге ақпараттар нақтыланып жатыр.
Министрлік марқұмның жақындарына көңіл айтты.