Қоғам

Атырау облысының әкімі Хаменованың ұсталуына қатысты пікір білдірді

© Photo : Официальный сайт премьер-министра КазахстанаМахамбет Досмухамбетов
Махамбет Досмухамбетов - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.12.2021
Жазылу
Атырау облысының әкімі Досмұхамбетов Хаменованың ұсталуына байланысты отставкаға кетесіз бе деген сұраққа жауап берді
АЛМАТЫ, 14 желтоқсан – Sputnik. Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов өзінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың ісіне қатысты түсініктеме берді.
"Әрине, уайымға батырды", - деді Досмұхамбетов Хаменованың ұсталуын қалай қабылдағанын сұраған журналистерге.
"Хаменованың орнына ешкім отырған жоқ, оның қызметі әкімнің негізгі орынбасарлары арасында бөлінеді. Тергеу жүріп жатыр, барлығы тергеуден кейін белгілі болады", - деді ол.
Аймақ басшысының айтуынша, оны әлі жауап алуға шақырмаған. Орынбасары ұсталғаннан кейін онымен сөйлеспеген.
Сондай-ақ журналистер Досмұхамбетовтан Хаменова ұсталғаннан кейін отставкаға кетуге дайынсыз ба деп сұрады.
"Бұл мәселені реттейтін заң бар. Егер маған тікелей бағынышты орынбасарымның бірінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны анықталса, онда заңға сәйкес мен кетуім керек және мен отставкаға беремін. Әрі қарай мемлекет басшысы шешім қабылдайды", - деді Досмұхамбетов.
Сондай-ақ әкім орынбасарының кінәлі екеніне сене ме деген сұраққа жауап беруге қиналды.
"Тергеу жүріп жатқан кезде түсініктеме бере алмаймын", - деді Досмұхамбетов.
Ол сондай-ақ Хаменованы Нұр-Сұлтаннан арнайы келген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері ұстады ма деген сұраққа жауап берген жоқ.
Оқи отырыңыз: Атырау облысы әкімінің орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды  
Облыс әкімі қылмыстық іс қозғауға себеп болған тендер, оның ішінде орнатылуы керек ескерткіш туралы айтты.
"Ескерткіш туралы шешім, қателеспесем, 2016 жылы қабылданды. Пандемия кезінде мұны жүзеге асыра алмадық, ескерткішті биыл орнату жоспарланды. Ескерткіш орнату әрі қарай созылуы да, созылмауы да мүмкін. Оған тергеу әсер ете ме, жоқ па, айта алмаймын", - деп қорытындылады аймақ басшысы.

Хаменованың ұсталуы

Хаменова Қылмыстық кодекстің 366-бабының екінші бөлігі бойынша "айтарлықтай мөлшерде пара алды" деген күдікке ілінді. Расталмаған ақпарат бойынша, пара Абай ескерткішін орнатуға жарияланған тендер бойынша берілген.
Қазір шенеунік үй қамауында отыр.
Бақытгүл Хаменова мәжіліс депутаты болған кезде 2017 жылдың көктемінде Астана әуежайына президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атын беру туралы ұсыныс айтқаннан кейін танымал болды.
Астана әуежайының атауы 2017 жылдың маусымында Назарбаевтың құрметіне өзгертілді.
Жаңалықтар
0