Қоғам

"Жалғызбасты әйел": сот Бақытгүл Хаменова неге үйқамаққа алынғанын түсіндірді

© Sputnik / Абзал КалиевБақытгүл Хаменова
Бақытгүл Хаменова - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.12.2021
Жазылу
Соттың мәліметінше, Хаменова екі баласын жалғыз өзі тәрбиелейді, қарт анасын да асырап отыр
НҰР-СҰЛТАН, 13 желтоқсан – Sputnik. Атырау соты жемқорлық жасады деген күдікке ілінген облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова неге үйқамаққа алынғанын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Сот күдіктінің жалғызбасты әйел екенін, Атырауда тұрғылықты мекенжайы барын, қылмыстық қудалау органдарынан жасырынбағанын және бұрын сотталмағанын ескерді. Ол кішкентай екі баласын жалғыз өзі тәрбиелейді, қарт анасын бағып-қағып отыр", - деп мәлімдеді Атырау мамандандырылған тергеу соты.
Осыған байланысты сот Хаменоваға қатысты үйқамаққа алу түрінде бұлтартпау шарасын таңдау қажет деген қорытындыға келген.
Бұған қоса, қылмыстық қудалау органы сотқа Хаменованың бостандықта істі тергеуге кедергі келтіретінін немесе қылмыстық процесс қатысушыларына қысым көрсететінін дәлелдейтін айғақ ұсынған жоқ. Бұдан бөлек сот күдікті тергеу мен соттан қаша алмайды деп шешті.
Оқи отырыңыз: Атырау облысы әкімінің орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды
Еске салсақ, Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты іс Қылмыстық кодекстің 366-бабы 2-бөлігі "Қомақты көлемде пара алу" бойынша тергеліп жатыр.
Шенеунікті Атырауға Нұр-Сұлтаннан арнайы келген сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің бір топ қызметкері ұстаған болатын.
Жаңалықтар
0