Спорт

Шәріпова Кэти Тейлормен жекпе-жегі үшін рекордтық гонорар алды – видео

© Photo : из личного архива Фирузы ШариповойФируза Шарипова
Фируза Шарипова - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.12.2021
Жазылу
Бұған дейін қазақстандық спортшының жекпе-жек үшін елу мың доллардан көп алмағаны айтылып отыр
НҰР-СҰЛТАН, 13 желтоқсан — Sputnik. Түрлі БАҚ пен интернет ресурстар қазақстандық боксшы Фируза Шәріпованың әлем чемпионы Кэти Тэйлормен жекпе-жектен соң алған гонорары туралы жарыса жазып жатыр.
Спортшы өзінің Instagram парақшасында "G versus" YouTube арнасында жарияланған видеоны бөлісті. Оның авторы Шәріпова 500 мың фунт стерлинг (290 миллион теңгеге жуық) алғанын жазады. Ал оның ирландиялық қарсыласы 2 миллион доллар алған.
Ролик авторы бұл Шәріпова үшін рекордық сома екенін айтады. Өйткені бұған дейін ол ең көп дегенде бір жекпе-жек үшін 50 мың доллар алған.
Essentially Sports сайтында да өткен жекпе-жекке қатысты ақпарат шықты. Онда қазақстандық спортшының рингке шығу үшін 100 мың доллар және ақылы көрсетілімдерден түскен кірістің 30%-і ұсынылғаны жазылған. Осылайша, оның жалпы ақысы жекпе-жек үшін шамамен 275 мың доллар болуы керек. Егер ақылы жазылым жоспардан тыс сатылған болса, онда сома көбірек шығады.
Сайттың нұсқасы бойынша ирландиялық спортшыға жекпе-жек үшін 500 мың доллар және ақылы жазылымдардың 70%-і берілген. Тейлордың жалпы кірісі кем дегенде 1 миллион доллар.
Қазақстандық боксшы қыз Фируза Шәріпова жеңіл салмақтағы әлемнің абсолют чемпионы ирландиялық Кэти Тэйлордан жеңіліп қалған болатын. 
Айқас он раундқа жоспарланып, бүкіл дистанцияға созылды. Қыздар әр раундта екі-екі минуттан жұдырықтасты.
Фируза бүкіл раунд бойы Тэйлорға лайықты қарсылық көрсете білді. Алайда ирландиялық боксшы мықтырақ болды. Осылайша төрешілер жеңісті бірауыздан Кэтиге берді – 98:92, 97:92, 96:93. Сөйтіп ол чемпиондық белбеулерін сақтап қалды.
Қазақстандық кәсіпқой бокста екінші рет жеңіліске ұшырады. Сондай-ақ оның қоржынында 14 жеңіс бар.
Жаңалықтар
0