Қазақстан мен Ресей "Бәйтерек" ғарыш кешені жобасын жүзеге асыру мерзімін белгіледі

© Sputnik / Сергей Мамонтов / Фотобанкке өтуВывоз РН «Союз-2.1а» на стартовую площадку
Вывоз РН «Союз-2.1а» на стартовую площадку  - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.12.2021
Жазылу
Yandex newsTelegram
Сондай-ақ отырысқа қатысушылар өңірдің және "Байқоңыр" ғарыш айлағының экологиялық қауіпсіздігін арттыру, кешеннің пайдаланылмай тұрған нысандарын есептен шығару және кәдеге жарату мәселелеріне жеке-жеке тоқталды
НҰР-СҰЛТАН, 13 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр мен Ресей үкімет басшысының орынбасары Юрий Борисовтың төрағалығымен өткен жалпы отырыста "Байқоңыр" кешені бойынша жетінші үкіметаралық комиссияның жұмыс қорытындысы шығарылды.
Қазақстан үкіметінің сайты келіссөз барысында тараптар "Байқоңыр" кешенін бірлесіп пайдалану және одан әрі дамыту перспективаларына, сондай-ақ Байқоңыр қаласындағы тұрмысты жақсартуға қатысты Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының өзекті бағыттары талқыланғанын хабарлады.
Үкіметаралық комиссия мүшелері "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенін құрудың бірлескен жобасына ерекше назар аударды, шаралар тізбесі мен жүзеге асыру мерзімдері белгіленді.
Оқи отырыңыз: Президент "Бәйтерек" кешеніне қатысты заңға қол қойды 
Кешен мүлкін ұтымды пайдалану, инфрақұрылым мен әлеуметтік саланы жаңғырту міндеттері де қарастырылған. Жиынға қатысушылар аймақ пен ғарыш айлағының экологиялық қауіпсіздігін арттырудың маңыздылығына, кешеннің пайдаланылмай тұрған нысандарын жалға беруден шығару, есептен шығару және кәдеге жарату мәселелеріне жеке-жеке тоқталды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сарапшылар өзара қолайлы шешімдер тапты, бұл ҮАК отырысының хаттамасында көрсетілген. Кездесу соңында тараптар өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін және "Байқоңыр" кешенінің стратегиялық бағыттарындағы міндеттерді табысты жүзеге асыру үшін қажетті әлеуеттің бар екенін атап өтті.
Жаңалықтар
0