Қоғам

Назарбаев Дулат Исабековпен мәдениет саласын дамыту мәселесін талқылады

© Photo : bobbi7Ручка, перо, письмо, иллюстративное фото
Ручка, перо, письмо, иллюстративное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.12.2021
Жазылу
Тәуелсіздік қарсаңында Дулат Исабеков "Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев" орденімен марапатталды
АЛМАТЫ, 13 желтоқсан – Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дулат Исабековпен кездесті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Елбасы сайтының хабарлауынша, кездесу барысында Қазақстандағы мәдениет саласын дамыту мәселелері талқыланды.
Нұрсұлтан Назарбаев Дулат Исабековті мемлекеттік награда берілуімен құттықтап, оның Отанға сіңірген еңбегін атап өтті.
Дулат Исабеков Нұрсұлтан Назарбаевқа мәдениет қайраткерлеріне ұдайы қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін алғыс айтып, басты мемлекеттік мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Айта кетері, Тәуелсіздік қарсаңында Дулат Исабеков "Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев" орденімен марапатталды.
Бұған дейін Елбасы пауэрлифтингтен спорт шебері, альпинист Мария Әуезовамен кездесті. Кездесу барысында Қазақстанның тұңғыш президенті мүмкіндігі шектеулі болғанына қарамастан, Эвересті бағындыруға бел буған спортшының табандылығын атап өтті.
Жаңалықтар
0