Қоғам

Іздеу жарияланған агенттіктің бұрынғы қызметкері ұсталды

© Sputnik / Алексей Вовк / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.12.2021
Жазылу
Лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін іздеу жарияланған департаменттің бұрынғы қызметкері тұтқындалды
НҰР-СҰЛТАН, 13 желтоқсан – Sputnik. Мемлекетаралық іздеу жарияланған қаржы мониторингі агенттігінің бұрынғы қызметкері ұсталды.
"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қаржы мониторингі агенттігінің елордалық департаменті іздестіріп жүрген аумақтық департаменттің тергеу басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары Д.Қайырбеков ұсталды", - делінген Қаржы мониторингі агенттігінің хабарламасында.
Күдіктіге қатысты лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде.
Қазіргі уақытта ер адам елордада уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Оқи отырыңыз: "Жалғызбасты әйел": сот Бақытгүл Хаменова неге үйқамаққа алынғанын түсіндірді
Бұған дейін Қаржы мониторингі агенттігі Ақмола облысының тумасы 1984 жылғы Дастанбек Қайырбековке мемлекетаралық іздеу жариялаған еді. Ведомство тіпті оның мекенжайы туралы ақпаратқа ақшалай сыйақы беруге уәде еткен болатын.
Агенттік мәліметінше, Қайырбековтің үстінен Қылмыстық кодекстің 362-бабы 4-тармағы 3-тармақшасы (билікті немесе лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану) бойынша іс қозғалды.
Жаңалықтар
0