Әлем

Имиджін өзгерткен белгілі әнші көпшілік алдына шықты – фото

© Photo : UnsplashХороший стилист поможет разобраться тем, кому вечно нечего надеть
Хороший стилист поможет разобраться тем, кому вечно нечего надеть - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.12.2021
Жазылу
Yandex newsTelegram
Бірі әртіс жасарып кетті десе, енді бірі тым батыл киім үлгісін сынап тастады. Олар жасына сай келетін киім таңдау керек еді деген ойда
НҰР-СҰЛТАН, 13 желтоқсан — Sputnik. Ресейлік шоумен және тележүргізуші Максим Галкин өзінің Instagram парақшасында жұбайы Алла Пугачеваның суретін жариялады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Максим Галкин (@maxgalkinru)

Суретте 72 жастағы әнші иығы ашық, жеңі түсіп тұрған былғары қысқа көйлек киген. Бұл киімге қатысты оқырманның ойы екіге бөлінді. Бірі Пучачева жасарып кетті десе, кейбірі тым батыл киім үлгісін сынап тастады.
"Алла суретке түсуді ұнатпайды, бірақ бекер! Әрең көндірдім!"- деп жазды Галкин.
Шоу-бизнес жұлдыздары Пугачеваға керемет сөздер жаудырды.
"Теңдесі жоқ сұлулық! Шексіз емес екені өкінішті!", "Керемет көрінеді", "Тамаша!", "Стильді, сәнді, заманауи!", "Ұзақ өмір мен мықты денсаулық"- деп жазды әлеуметтік желі қолданушылары.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Певица Жасмин (@jasmin)

Ал өзгелері мұндай пікірлермен келіспеді.
"Осындай қарқынмен ол көп ұзамай балабақша тобына барады", "Көйлек тізеден түсіп тұрса, жақсы болар еді", "неге мұндай егде жаста қыз сияқты көрінгісі келеді?"- деп ызаланды олар.
Пугачева мұндай киімді Ида Достманның туған күнін атап өту үшін таңдады.
Пугачевадан басқа, Ида Достманның 45 жылдығына Игорь Крутой, Лев Лещенко, Филипп Киркоров, Жасмин, Алсу және басқа да барды.
Жаңалықтар
0