https://sputnik.kz/20211213/atyrau-politseyler-qyz-su-18885877.html
Атыраулық полицейлер қызды құтқару үшін мұзды суға секірді
Атыраулық полицейлер қызды құтқару үшін мұзды суға секірді
Sputnik Қазақстан
Екі атыраулық патрульдік полицей он төрт жасар қызды судан шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсетіп, ауруханаға жеткізді 13.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-13T11:43+0500
2021-12-13T11:43+0500
2022-02-01T13:05+0500
оқиға
https://sputnik.kz/img/old/1164/72/11647293_0:159:3077:1890_1920x0_80_0_0_be36dd755420ede49eead698ef74d05a.jpg
АЛМАТЫ, 13 желтоқсан — Sputnik. Көпірде тұрған қыз туралы хабар жеткенде оқиға орнына аға лейтенант Исатай Тұрсынғалиев пен сержант Ғалым Қалабаев алғаш барды. Олар құтқарушыларды күтпей, тұрғынды өздері құтқара алды.Оқиға 12 желтоқсанда кешкі он бір жарымда болды, деп хабарлайды "Мой город" газеті.Полицияға куәгерлер хабарласқан. Суда жасөспірімді көрген полицейлер бір секунд та жоғалтпады.Жағаға шығарған кезде қыз ес-түссіз жатқан. Қажетті көмек көрсетіп, жасанды тыныс алдырып, полицейлер оны жақын маңдағы №5 емханаға жеткізді."Суға батып бара жатқан қызды құтқаруды ғана ойладық. Менің серіктесім де артымнан жүзіп келе жатқанын сездім. Мен үшеуіміздің де тірі қалуымыз үшін тезірек әрекет ете бастадым. Пневмонияның ықтималдығы жоғары болды. Сол себепті біз бірден емханаға бардық", - деп еске алады Ғалым Қалтаев.Дәрігерлер қызды тексерді. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/1164/72/11647293_173:0:2904:2048_1920x0_80_0_0_5924753b303f2422bcc767c8ff09f461.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Атыраулық полицейлер қызды құтқару үшін мұзды суға секірді
11:43 13.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Екі атыраулық патрульдік полицей он төрт жасар қызды судан шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсетіп, ауруханаға жеткізді
АЛМАТЫ, 13 желтоқсан — Sputnik. Көпірде тұрған қыз туралы хабар жеткенде оқиға орнына аға лейтенант Исатай Тұрсынғалиев пен сержант Ғалым Қалабаев алғаш барды. Олар құтқарушыларды күтпей, тұрғынды өздері құтқара алды.
Оқиға 12 желтоқсанда кешкі он бір жарымда болды, деп хабарлайды "Мой город" газеті.
Полицияға куәгерлер хабарласқан. Суда жасөспірімді көрген полицейлер бір секунд та жоғалтпады.
"Қалбаев арқанды байлап, мұзды суға кірді. Сол кезде Тұрсынғалиев арқанның екінші ұшын ұстап, жағадан тұрған. Көмек жеткеннен кейін арқанды өзге адамдарға беріп, ол да суға да кірді", - деді Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жағаға шығарған кезде қыз ес-түссіз жатқан. Қажетті көмек көрсетіп, жасанды тыныс алдырып, полицейлер оны жақын маңдағы №5 емханаға жеткізді.
"Суға батып бара жатқан қызды құтқаруды ғана ойладық. Менің серіктесім де артымнан жүзіп келе жатқанын сездім. Мен үшеуіміздің де тірі қалуымыз үшін тезірек әрекет ете бастадым. Пневмонияның ықтималдығы жоғары болды. Сол себепті біз бірден емханаға бардық", - деп еске алады Ғалым Қалтаев.
Дәрігерлер қызды тексерді. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.