Украин кемесі Қара теңізде Ресей шекарасына жақындады

© Photo : Центральное конструкторское бюро морской техники "Рубин"Патрульный корабль "Страж" (Border and Offshore Submersible Sentry, BOSS)
Патрульный корабль Страж (Border and Offshore Submersible Sentry, BOSS) - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.12.2021
Жазылу
Киев режимі әлі де ақылға қонымсыз шешімдер, әскери арандатулар мен елдегі аласапыранға бейім болып отыр. Бұл Украина қарулы күштері әрекеттерінен көрініс тауып, өңірлік қауіпсіздікке қатер төндірді.
Ресей өз шекарасына жақын құрлықтағы, теңіздегі және кез келген аймақтағы украин әскерінің әрекетіне тосқауыл болып отыр.
52 жыл бұрын жүзетін шеберхана ретінде суға жіберілген ПМ-9 "Донбасс" Украинаның әскери-теңіз күштерін басқару кемесі өткен аптада Азов теңізінен Қара теңізге қарай бет алды. Бірақ бұл іс-қимыл туралы Керчен бұғазынан өтетінін туралы Ресейдің Федералды қауіпсіздік қызметіне алдын ала ескерткен жоқ. Сондықтан экипаж батыс елдерінен үлгі алып, "кеме қатынасының еркіндігін" көрсеткісі және Ресей Федерациясының шекарасын бұзғысы келді деп пайымдауға болады.
Бірақ Ресей ФҚҚ шекара қызметінің жағалау күзеті шекараны бұзудың алдын алды. Ресейлік заңнаманың талаптары туралы еске салғаннан соң, "Донбасс" командирі бағдарын өзгертіп, Мариуполь портына қайта оралды. Керчь-Еникал арнасы (фарватер) штатты режимдегі жұмысын тоқтатқан жоқ.
Украинаға кім қару-жарақ жеткізіп отыр
Екі рет қайта жабдықталған және үш рет атауы өзгертілген жүзетін шеберхананың арандатушылық мақсатпен теңізге шығуы АҚШ президенті Джо Байден мен украин көшбасшысы Владимир Зеленскийдің телефон арқылы сөйлесуімен бекерден-бекер бір уақытта болған жоқ. Зеленский Мәскеудің Донбасқа қатысты жау ретіндегі қатынасын әлемге паш еткісі келгенімен, бұл жоспары іске аспай қалды.
Осы жағдайға қатысты АҚШ пен НАТО ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ. Есесіне Украинаның қорғаныс министрі Алексей Резников 10 желтоқсанда "басқару кемесінің" түсініксіз маневрлері мен әскердегі бей-берекетсіздігін былай деп ақтады: "Олар бұғаздан 18 миль қашықтықта болды. Бұл 33 километрден асады. Ресейлік тараптан шабуыл жасалды. Гибридті шабуыл".
Бір қызығы, Батыстағы танымал "гибридті шабуыл" сөз тіркесі шындықты ашып айту мүмкін емес кез келген жағдайда – ЕО-дағы миграцияны, еуропалық жанармай нарығындағы жағдайды, Донбастағы азаматтық соғысты бағалау үшін қолданылады.
Украина әскери-теңіз күштерінің Керчен бұғазында шу шығаруы ресейліктер күткен әрекет еді. Ал жүзетін шеберхана үш жылдан бері Бердянскте салынып жатқан базаның әскери қызметшілері үшін жүзетін казарма ретінде қолданылып келеді. "Басқару кемесі" Қара теңізден Азовқа буксирмен жеткізілді. Ал күні кеше болған "Донбасс" миссиясы тіпті таңғаларлықтай. Министр Резников осыған қатысты түсініктеме бермегенімен, осының жайын біз түсіндіріп көрелік.
"Қызыл сызық" және Украина – Путин мен Байден талқылаған мәселелер
Жалпы Киев Керчен бұғазындағы шекараны бұзбақ болған өз кемесінің суға кетіп, құрбандар саны артып, мұның салдарынан Ресейге санкциялар "жауғанын" қалайды. Себебі, 2014 жылы Майданда ұйымдастырылған мемлекеттік төңкеріс, Украинаның заңды президентін тақтан тайдыру сәтті жүзеге асса, онда 2021 жылы осы әдісті Ресейге де қолдануға болады деп ойлайды.
Киев режимінің зор өкінішіне қарай, бұл әрекеттердегі негізгі мақсат елді қорғау емес, Ресейді санкциялармен жазалау және оны әлемге "қорқынышты держава" етіп көрсету екенін батыстағылар да түсініп отыр. Сондықтан америкалық арнайы қызмет саласында бұрын еңбек еткен Скотт Беннет "Донбастың" Ресей шекарасына жақын келуін "Ресейдің реакциясын, қорғану қабілетін, ментальді қабілеті, әскери және саяси жауапты әрекетін тексеру мақсатында ұйымдастырылған сынақ маневрі" деп бағалады. Ресей мұндай іс-қимыл болашақта бірнеше рет қайталанатынына сенімді. Сондықтан Мәскеу Қара теңіздегі әр қимылды жіті бақылауда ұстап отыр.
АҚШ эсминецтері Украинаға көмекке келе ме
Ресейдің Қара теңіз флотының бұрынғы қолбасшысы Владимир Комоедов Киев Мәскеуді Қара және Азов теңіздерінде әскери ауқымда жауап қатуы үшін арандатуды тоқтатпайтынына сенімді. Сондықтан ол "Өңірлік соғыс бәрібір болатынына көзім жетіп отыр" деген пікір білдірді.
РФ Қарулы күштері Бас штабының басшысы Валерий Герасимов 9 желтоқсанда НАТО елдері әскери атташелерін брифингке жинап, Ресей украин бағытындағы кез келген арандатушылықтың жолын кесуге дайын екенін жеткізді. Сонымен қатар РФ жердегі стратегиялық ядролық күштерге тиесілі іске қосу қондырғыларының 95 проценті қолдануға дайын тұрғанын еске салды.
Ресейде қауіп-қатерге қатаң түрде жауап беруге толық негіз бар. 9 желтоқсанда НАТО Әскери-әуе күштерінің бес ұшағы бір мезгілде Қара теңіз үстіндегі Ресей әуе шекараларына жақын ұшты. Олардың қатарында екі француз жойғыш ұшағы, АҚШ әуе күштерінің RC-135 және CL-600 барлау ұшағы және француздардың KS-135 танкер ұшағы бар. Бір ай ішінде 30-ға жуық ұшу орындалды және бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5 есеге көп болып отыр.
РФ Қарулы күштерінің бас штабы 2021 жылы Қара теңізге кірмейтін НАТО мемлекеттерінің, яғни Ұлыбритания, Греция, Испания, Италия және АҚШ-тың 26 әскери кемесі Қара теңізде әскери миссияларды орындағанын атап өтті. Мұндай әрекеттерде арандатушылық мақсат басым болатыны да байқалады.
Оның үстіне, Киев АҚШ пен НАТО жеткізетін әскери техника санын арттырып, АҚШ украиндерді әскери сипатта қолдауын асырып отыр, ал Ұлыбритания бас штабының басшысы Тони Радакин өз елінің Үшінші дүниежүзілік соғысқа дайын екенін ашық мәлімдеді.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы
Жаңалықтар
0