https://sputnik.kz/20211213/Toqaev-AQSh-prezident-18887626.html
Тоқаев АҚШ президентіне көңіл айтты
Тоқаев АҚШ президентіне көңіл айтты
Sputnik Қазақстан
Тоқаев Қазақстан қиын-қыстау сәтте АҚШ халқымен бірге екенін және климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі жаһандық іс-қимылдарға қосылатынын атап өтті 13.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-13T15:24+0500
2021-12-13T15:24+0500
2022-02-01T13:05+0500
әлем
қасым-жомарт тоқаев
ақш
президент
көңіл айту
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/0d/18887310_0:0:2736:1540_1920x0_80_0_0_0559b4d94ff622889138bfb15f47ed54.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 13 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Джозеф Байденге көңіл айту жеделхатын жолдады.Мемлекет басшысы Кентуккидегі жойқын дауылдың салдарынан АҚШ-тың бірнеше азаматының қаза болғаны туралы хабарды ауыр күйзеліспен қабылдағанын жеткізді, деп хабарлайды Ақорда."Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан жақындарынан айырылған отбасыларға қайғырып көңіл айтамын. Табиғи апаттан зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін. Осындай қиын-қыстау сәтте достас АҚШ халқымен біргеміз және климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі жаһандық іс-қимылдарға қосыламыз", – делінген жеделхатта.АҚШ-тағы жойқын торнадоАҚШ президенті Джо Байден торнадо мен дауылдан Кентукки штаты қатты зардап шеккенін айтып, федералды көмек көрсетуді тапсырды, деп мәлімдеді Ақ үй.Өткен сенбіде Байден жойқын дауылға байланысты штатта төтенше жағдай жариялады. Сондай-ақ елді мекендерді қалпына келтіру операциясына қосымша федералды көмек көрсетуді бұйырды.Федералды көмекке апаттан кейін азаматтар мен кәсіпорындарды қолдау бағдарламасы, соның ішінде уақытша баспанаға гранттар мен мүлік шығынын өтеу үшін төмен пайызбен кредит беру шаралары кіруі мүмкін.Бұған дейін Кентукки губернаторы Энди Бешир штатта жойқын торнадодан 80 адам қаза тапқанын, құрбандар саны көбеюі мүмкін екенін мәлімдеді, деп жазады РИА Новости.Торнадо мен дауыл 11 желтоқсанда АҚШ-тың шығысын ойрандап кетті, атап айтқанда, Иллинойс, Миссури, Арканзас, Кентукки және Теннесси штатындағы елді мекендер қирады. Арканзастағы қарттар үйінде кем дегенде бір адам көз жұмды. Теннесси штатында үш адам ажал құшты.
ақш
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/0d/18887310_289:0:2721:1824_1920x0_80_0_0_ddf1e860b40b38e812b515912a51c1da.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, ақш, президент, көңіл айту
қасым-жомарт тоқаев, ақш, президент, көңіл айту
Тоқаев АҚШ президентіне көңіл айтты
15:24 13.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Тоқаев Қазақстан қиын-қыстау сәтте АҚШ халқымен бірге екенін және климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі жаһандық іс-қимылдарға қосылатынын атап өтті
НҰР-СҰЛТАН, 13 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Джозеф Байденге көңіл айту жеделхатын жолдады.
Мемлекет басшысы Кентуккидегі жойқын дауылдың салдарынан АҚШ-тың бірнеше азаматының қаза болғаны туралы хабарды ауыр күйзеліспен қабылдағанын жеткізді, деп хабарлайды
Ақорда."Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан жақындарынан айырылған отбасыларға қайғырып көңіл айтамын. Табиғи апаттан зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін. Осындай қиын-қыстау сәтте достас АҚШ халқымен біргеміз және климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі жаһандық іс-қимылдарға қосыламыз", – делінген жеделхатта.
АҚШ президенті Джо Байден торнадо мен дауылдан Кентукки штаты қатты зардап шеккенін айтып, федералды көмек көрсетуді тапсырды, деп мәлімдеді Ақ үй.
Өткен сенбіде Байден жойқын дауылға байланысты штатта төтенше жағдай жариялады. Сондай-ақ елді мекендерді қалпына келтіру операциясына қосымша федералды көмек көрсетуді бұйырды.
Федералды көмекке апаттан кейін азаматтар мен кәсіпорындарды қолдау бағдарламасы, соның ішінде уақытша баспанаға гранттар мен мүлік шығынын өтеу үшін төмен пайызбен кредит беру шаралары кіруі мүмкін.
Бұған дейін Кентукки губернаторы Энди Бешир штатта жойқын торнадодан 80 адам қаза тапқанын, құрбандар саны көбеюі мүмкін екенін мәлімдеді, деп жазады РИА Новости.
Торнадо мен дауыл 11 желтоқсанда АҚШ-тың шығысын ойрандап кетті, атап айтқанда, Иллинойс, Миссури, Арканзас, Кентукки және Теннесси штатындағы елді мекендер қирады. Арканзастағы қарттар үйінде кем дегенде бір адам көз жұмды. Теннесси штатында үш адам ажал құшты.