Видео

Полицейлер арасында үздік атанған мергендер марапатталды – видео

Жазылу
Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілері арасында қарудан оқ атудан министрдің кубогы үшін чемпионат өтті
Турнир Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу аясында ұйымдастырылды.
Жарысқа аумақтық полиция департаменттерінің, қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, ІІМ мамандандырылған күзет қызметі басқармасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының командалары қатысты, деп хабарлады шкі істер министрлігінің ведомстволық сайты.
Чемпионат қорытындысы бойынша әйелдер арасында жеке есепте ҚР ІІМ ӘПК қызметкері Ақтоты Боранова үздік атанды, екінші орын Қостанай облысы ПД қызметкері Екатерина Детковаға бұйырды, үшінші орынды Алматы қаласы ПД қызметкері Наталья Ткаченко иеленді.
Ерлер арасындағы жеке есепте бірінші орынды Ақтөбе облысы ПД қызметкері Самат Сартай жеңіп алды, тұғырдың екінші және үшінші сатысына СҚО ПД өкілдері Ерік Құлжанов пен Руслан Тасимов көтерілді.
Ал жалпы командалық есепте орындар келесі тәртіпте бөлінді:
  1. Солтүстік Қазақстан облысы ПД командасы;
  2. Ішкі істер министрлігінің командасы;
  3. Алматы қаласы ПД командасы.
Жаңалықтар
0