https://sputnik.kz/20211212/qytay-azamatynyn-denesi-tabyldy-18883378.html
Қапшағай су қоймасынан жоғалып кеткен Қытай азаматының денесі табылды
Қапшағай су қоймасынан жоғалып кеткен Қытай азаматының денесі табылды
Sputnik Қазақстан
Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, 51 жастағы ер адам суға батып кетіп, тұншығып өлген 12.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-12T18:11+0500
2021-12-12T18:11+0500
2022-02-01T13:05+0500
оқиға
қытай азаматтары
қапшағай
https://sputnik.kz/img/07e5/03/01/16415742_0:0:3601:2026_1920x0_80_0_0_fd346d5a7e5b6272fa4456ebbe9b06f5.jpg
ТАЛДЫҚОРҒАН, 12 желтоқсан – Sputnik. Алматы облысында екі апта бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен 51 жастағы Қытай азаматының мәйіті табылды.Әлеуметтік желіде 11 желтоқсанда Қапшағайда "Заря" саяжай алабы маңынан іздеу салынған шетелдіктің мәйіті табылғаны туралы ақпарат жарияланды. Жазбада мәйітті LIDER.KZ еріктілер ұйымының іздеу топтары демалыс орындарының бірінің аумағынан тапқаны айтылған.Полиция тараған ақпаратты растады. Марқұмның денесін туыстары мен достары таныған. Ведомстводағылар сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, 51 жастағы ер адам суға батып кетіп, тұншығып өлгенін хабарлады.Қайтыс болған 51 жастағы Ван Ганг Алматының Медеу ауданында уақытша тұрған. Орыс тілін меңгерген, ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізумен айналысқан.Оқи отырыңыз: Павлодарда суға кеткен екі адамның мәйіті үш тәуліктен соң табылды
қапшағай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/03/01/16415742_870:0:3601:2048_1920x0_80_0_0_5f210fabbba2da1067ee88362dda2021.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қытай азаматтары, қапшағай
қытай азаматтары, қапшағай
Қапшағай су қоймасынан жоғалып кеткен Қытай азаматының денесі табылды
18:11 12.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, 51 жастағы ер адам суға батып кетіп, тұншығып өлген
ТАЛДЫҚОРҒАН, 12 желтоқсан – Sputnik. Алматы облысында екі апта бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен 51 жастағы Қытай азаматының мәйіті табылды.
Әлеуметтік желіде 11 желтоқсанда Қапшағайда "Заря" саяжай алабы маңынан іздеу салынған шетелдіктің мәйіті табылғаны туралы ақпарат жарияланды. Жазбада мәйітті LIDER.KZ еріктілер ұйымының іздеу топтары демалыс орындарының бірінің аумағынан тапқаны айтылған.
Полиция тараған ақпаратты растады. Марқұмның денесін туыстары мен достары таныған. Ведомстводағылар сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, 51 жастағы ер адам суға батып кетіп, тұншығып өлгенін хабарлады.
"Оның денесінен қандай да бір зорлық-зомбылық белгілері табылмады. Бірақ қажетті тексерістер жүргізіліп жатыр, оның қорытындысы бойынша өлімнің барлық мән-жайы анықталады", - деді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қайтыс болған 51 жастағы Ван Ганг Алматының Медеу ауданында уақытша тұрған. Орыс тілін меңгерген, ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізумен айналысқан.