https://sputnik.kz/20211212/jurgizushi-kualigi-video-18881661.html
Аға-көке көмектеспейді: жүргізуші куәлігін алу қиындай түсті – видео
Аға-көке көмектеспейді: жүргізуші куәлігін алу қиындай түсті – видео
Sputnik Қазақстан
Нұр-Сұлтан қаласында жүргізуші куәлігін сатып алу фактілері анықталғаннан кейін емтихан тапсыру кезіндегі бақылау күшейтілді 12.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-12T10:44+0500
2021-12-12T10:44+0500
2022-02-02T09:48+0500
мультимедиа
видео
жүргізуші куәлігі
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/0a/18876033_0:0:3641:2048_1920x0_80_0_0_8e0d52e1c5914efe88778bdae6fc810b.jpg
Атап айтқанда, емтихан тапсыратын адамның бет-әлпетін танитын Face ID аналогы орнатылды. Сондай-ақ елордалық автодром автоматтандырылды.Енді емтиханға арналған автокөліктер арнайы GPS-трекермен жабдықталған. Ол көлік жүргізу бойынша практикалық емтиханды егжей-тегжей бақылайды. Талап күшейген соң, жүргізуші куәлігін алу да қиындай түсті. Қараша айында мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында емтихан тапсырған 2000 адамның тек 99-ы ғана куәлік алған. Sputnik Қазақстан тілшілері елордадағы мамандандырылған ХҚКО-да болып, көлік жүргізу бойынша теориялық және практикалық емтихандарды тапсыру сәтін бақылап қайтты."Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының сервис жөніндегі басқарушы директоры Бақтияр Мұхаметқалиев автодромды жаңғыртуға 60 миллион теңге жұмсалғанын мәлімдеді.Оқи отырыңыз: 2022 жылы жеке және жүргізуші куәлігін алу қанша тұрадыАвтодромдағы жаңа талаптардан кейін, курсанттардың тек 10-15%-і ғана тапсырмаларды орындай алады. Ал бұрын куәлік алғысы келетіндердің жартысы емтиханды оп-оңай тапсыратын.Алдағы уақытта мұндай жұмыс Алматы мен Шымкентте, ал кейін бүкіл өңірде жүргізіледі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/0a/18876033_455:0:3186:2048_1920x0_80_0_0_b7e39fe95476c8806effc3f78435f393.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мультимедиа, жүргізуші куәлігі
мультимедиа, жүргізуші куәлігі
Аға-көке көмектеспейді: жүргізуші куәлігін алу қиындай түсті – видео
10:44 12.12.2021 (жаңартылды: 09:48 02.02.2022) Нұр-Сұлтан қаласында жүргізуші куәлігін сатып алу фактілері анықталғаннан кейін емтихан тапсыру кезіндегі бақылау күшейтілді
Атап айтқанда, емтихан тапсыратын адамның бет-әлпетін танитын Face ID аналогы орнатылды. Сондай-ақ елордалық автодром автоматтандырылды.
Енді емтиханға арналған автокөліктер арнайы GPS-трекермен жабдықталған. Ол көлік жүргізу бойынша практикалық емтиханды егжей-тегжей бақылайды. Талап күшейген соң, жүргізуші куәлігін алу да қиындай түсті. Қараша айында мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында емтихан тапсырған 2000 адамның тек 99-ы ғана куәлік алған.
Sputnik Қазақстан тілшілері елордадағы мамандандырылған ХҚКО-да болып, көлік жүргізу бойынша теориялық және практикалық емтихандарды тапсыру сәтін бақылап қайтты.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының сервис жөніндегі басқарушы директоры Бақтияр Мұхаметқалиев автодромды жаңғыртуға 60 миллион теңге жұмсалғанын мәлімдеді.
Автодромдағы жаңа талаптардан кейін, курсанттардың тек 10-15%-і ғана тапсырмаларды орындай алады. Ал бұрын куәлік алғысы келетіндердің жартысы емтиханды оп-оңай тапсыратын.
Алдағы уақытта мұндай жұмыс Алматы мен Шымкентте, ал кейін бүкіл өңірде жүргізіледі.