Денсаулық

Вирус жұқтырғандар мен қайтыс болғандар статистикасы жаңарды

© AFP 2024 / BARBARA GINDLАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.12.2021
Жазылу
Республика бойынша стационарда жатқан 332 науқастың жағдайы ауыр, 85 пациент хәл үстінде жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 12 желтоқсан – Sputnik. Өткен тәулікте 554 адамнан коронавирус табылса, тағы жиырма адам індеттен көз жұмды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
Өткен тәулікте Қазақстанда 554 адамның коронавирусқа тапсырған ПТР-тесті оң нәтиже көрсетті.
Оның ішінде:
  • Нұр-Сұлтан қаласында – 68,
  • Алматы қаласында – 38,
  • Шымкент қаласында – 12,
  • Ақмола облысында – 48,
  • Ақтөбе облысында - 3,
  • Алматы облысында - 23,
  • Атырау облысында - 4,
  • Шығыс Қазақстан облысында - 22,
  • Жамбыл облысында - 2,
  • Батыс Қазақстан облысында - 15,
  • Қарағанды облысында - 95,
  • Қостанай облысында - 70,
  • Қызылорда облысында - 4,
  • Маңғыстау облысында - 1,
  • Павлодар облысында - 69,
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 74,
  • Түркістан облысында - 6.
Пандемия басталғалы коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 979 484 адамға жетті.
Сонымен қатар өткен тәулікте коронавирустан 15 пациент, вирустық пневмониядан 5 науқас қайтыс болды. Жалпы республика бойынша коронавирустан 12 852 адам, ковидтік пневмониядан 5 184 адам көз жұмды.
12 желтоқсандағы мәлімет бойынша 21 211 адам коронавирус инфекциясынан (18 418 КВИ+ және 2 793 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 145 пациент стационарда, 17 066 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Індетке шалдыққандар арасында:
  • 332 адамның жағдайы ауыр,
  • 85 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 66 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.
Жаңалықтар
0