Әлем

"Спутник V" вакцинасының "омикрон" штамына қарсы тиімділігі он күнде тексеріледі

© AP Photo / Darko VojinovicАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.12.2021
Жазылу
Yandex newsTelegram
Коронавирустың жаңа штамы қазан айының соңында Ботсвана және Оңтүстік Африка Республикаларында анықталды
НҰР-СҰЛТАН, 12 желтоқсан – Sputnik. Ресейлік "Спутник V" вакцинасының коронавирустың "омикрон" штамына қарсы тиімділігін он күн ішінде тексереді. Бұл туралы РИА Новости-ге Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығының директоры Александр Гинцбург мәлімдеді.
"Менің ойымша, тиімділікті тексеру үшін он күн жетеді", — деді Гинцбург.
Бұған дейін Гамалея орталығы шетелден келген ресейліктерден анықталған "омикрон" штамының сынамасын алды.
Коронавирустың жаңа штамы қазанның соңында Ботсвана және Оңтүстік Африка Республикаларында анықталды. Оның құрамында жасушаларды зақымдайтын S-ақуызының ондаған мутациясы бар.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жұмада өткен шұғыл отырыста B.1.1.529 жаңа штамына алаңдаушылық білдіріп, оған грек алфавитіндегі 15-ші әріптің атауын беріп, "омикрон" деп атады. Сарапшылар жаңа штамм коронавируспен ауырып, қайта жазылғандарға да, екпе салдырғандарға да жұғуы мүмкін дейді. Оның негізгі симптомы – бас ауруы мен шаршаңқылық.
Жаңалықтар
0