Оқиға

Павлодарда жолда отырған ер адамды көлік қағып өлтірді

© Sputnik / Евгений Биятов / Медиабанкке өтуДвижение транспорта в ночное время
Движение транспорта в ночное время - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.12.2021
Жазылу
Shacman автокөлігінің 41 жастағы жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Тексеріс жүргізіліп жатыр.
НҰР-СҰЛТАН, 12 желтоқсан — Sputnik. Павлодарда жолда отырған ер адам қаза тапты.
Жол апаты Жібек жолы көшесіндегі қоқыс үйіндісінің маңында болған, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.
Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 9 желтоқсан күні сағат 21:45-те Shacman автокөлігінің 41 жастағы жүргізушісі 58 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
"Ер адам жолда отырған. Жол апаты салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды", - дейді полиция қызметкерлері.
Департаменттің хабарлауынша, көлік арнайы айып тұрағына қойылған. Тексеріс жүргізіліп жатыр.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
0