https://sputnik.kz/20211212/Oqushy-1-mln-tenge-ministrlik-18882360.html
Оқушы 1 млн теңгесін мектебіне сыйлаған: министрлік ақшаны қайтаруды талап етті
Оқушы 1 млн теңгесін мектебіне сыйлаған: министрлік ақшаны қайтаруды талап етті
Білім министрлігі мектепке қажетті техниканы жергілікті атқарушы органдар бюджет қаражатына сатып алуы керек екенін еске салды 12.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-12T14:08+0600
2021-12-12T14:08+0600
2022-02-01T14:05+0600
өңірлер
мектеп
оқушы
білім министрлігі
ақша
/html/head/meta[@name='og:title']/@content
/html/head/meta[@name='og:description']/@content
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/0c/18881813_0:8:1200:686_1920x0_80_0_0_8205a777ed61bb394db13507792eef63.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 12 желтоқсан – Sputnik. Маңғыстаулық оқушы Азамат Тоқсанбай республикалық байқауда 1 миллион теңге жеңіп алып, жүлдесін өз мектебіне сыйға тартқан. Білім және ғылым министрлігі бұл жағдайға қатысты түсініктеме білдірді.Маңғыстаулық төртінші сынып оқушысы математика сабағында қолдануға арналған құрал жасап, өз білімі мен күш-жігерінің арқасында республикалық конкурста 1 миллион теңге ұтып алған. Ақшаны өзі оқитын мектепке интерактивті тақта сатып алуға берген, дейді білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова."Оқушы жеңіп алған сыйақысын өз мектебіне интерактивті тақта сатып алуға жұмсауға ниет білдіргені оның мейірімді жүрегі мен басқа да жақсы қасиеттерін көрсетеді. Бұл ретте интерактивті тақтаны республикалық конкурста жеңіске жеткен оқушы емес, жергілікті атқарушы орган сатып алуға тиіс", - деп жазды Кәрімова Facebook-те.Балалардың өз мектебін қолдауға және дамытуға деген ұмтылысын қолдау керек. Дегенмен, бұл ондай жағдай емес, деді ол.Оқи отырыңыз: Мектептерде жаңа факультативтік курстар енгізілдіАйтуынша, заң бойынша мектептерді қаржыландыру әкімдіктердің құзыретіне кіреді. Жергілікті атқарушы органдар қажетті жабдықтарды сатып алу үшін бюджет қаражатын бөледі.Осыған байланысты білім министрлігі Маңғыстау облысы әкімдігінің білім басқармасына зияткерлік конкурста жеңіп алған ақшаны оқушыға қайтаруды және қажетті құрал-жабдықты жергілікті бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен сатып алуды ұсынды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/0c/18881813_0:0:1200:754_1920x0_80_0_0_0939377a520e22fad22632a565b2a735.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
мектеп, оқушы, білім министрлігі, ақша
мектеп, оқушы, білім министрлігі, ақша
Оқушы 1 млн теңгесін мектебіне сыйлаған: министрлік ақшаны қайтаруды талап етті
14:08 12.12.2021 (жаңартылды: 14:05 01.02.2022) Білім министрлігі мектепке қажетті техниканы жергілікті атқарушы органдар бюджет қаражатына сатып алуы керек екенін еске салды
НҰР-СҰЛТАН, 12 желтоқсан – Sputnik. Маңғыстаулық оқушы Азамат Тоқсанбай республикалық байқауда 1 миллион теңге жеңіп алып, жүлдесін өз мектебіне сыйға тартқан. Білім және ғылым министрлігі бұл жағдайға қатысты түсініктеме білдірді.
Маңғыстаулық төртінші сынып оқушысы математика сабағында қолдануға арналған құрал жасап, өз білімі мен күш-жігерінің арқасында республикалық конкурста 1 миллион теңге ұтып алған. Ақшаны өзі оқитын мектепке интерактивті тақта сатып алуға берген, дейді білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.
"Оқушы жеңіп алған сыйақысын өз мектебіне интерактивті тақта сатып алуға жұмсауға ниет білдіргені оның мейірімді жүрегі мен басқа да жақсы қасиеттерін көрсетеді. Бұл ретте интерактивті тақтаны республикалық конкурста жеңіске жеткен оқушы емес, жергілікті атқарушы орган сатып алуға тиіс", - деп жазды Кәрімова
Facebook-те.Балалардың өз мектебін қолдауға және дамытуға деген ұмтылысын қолдау керек. Дегенмен, бұл ондай жағдай емес, деді ол.
Айтуынша, заң бойынша мектептерді қаржыландыру әкімдіктердің құзыретіне кіреді. Жергілікті атқарушы органдар қажетті жабдықтарды сатып алу үшін бюджет қаражатын бөледі.
Осыған байланысты білім министрлігі Маңғыстау облысы әкімдігінің білім басқармасына зияткерлік конкурста жеңіп алған ақшаны оқушыға қайтаруды және қажетті құрал-жабдықты жергілікті бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен сатып алуды ұсынды.