Видео

Әлия Молдағұлованың ерлігі жайлы әскери-тарихи драмалық спектакль сахналанды – видео

Жазылу
Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың ерлігін баяндайтын әскери-тарихи драмалық спектакль сахналанды
Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында әскери театр құру идеясына арқау болған алғашқы жобаның коюшы режиссерінен бастап, барлығы дерлік әскери қызметшілер.
"Әлия Молдағұлованың ерлігін баяндайтын "Әлия" әскери-тарихи драмалық спектаклін алғаш рет сахналадық. Спектакль 1 сағатқа созылды. Ол бір актілі болды. Себебі біздің пилоттық жобамыз ретінде өз мүмкіндігіміз бағалау үшін осындай шағын формада жасадық", - дейді "Әлия" спектаклінің қоюшы режиссері, қатардағы жауынгер Жұлдыз Ысқақова.
Айта кетері, әртістер қойылымда тарих беттерінде батырлығымен, ерлігімен есте қалған Әлияның нәзіктігін барынша ашуға тырысқан.
Жаңалықтар
0