Аңдатпа

Қазақстанда 12 желтоқсанда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.12.2021
Жазылу
Sputnik Қазақстан 2021 жылдың 12-17 желтоқсанында өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

13 ЖЕЛТОҚСАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

11:00 – Тәуелсіздік күніне орай мемлекеттік наградалар мен сыйлықтарды табыстау рәсімі. Шара президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтеді.
16.00 –  Мәскеу — Бішкек — Ереван - Нұр-Сұлтан – Минск видеокөпірі. Спикер Еуразиялық экономикалық комиссияның кеден ынтымақтастығы бойынша министрі Мақсат Мамытқанов. Трансляция Sputnik Қазақстан мен сайттың Facebook парақшасында өтеді. Сұрақты a.nurgazinova@sputniknews.cоm.поштасына жолдай аласыздар.

14 ЖЕЛТОҚСАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

15.00 – М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалында жоғары оқу орнының 20 жылдығына орай салтанатты шара өтеді. Құрметті қонақтар – Қазақстанның мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев, президент әкімшілігі, Тұңғыш президент – Елбасы кеңсесі, парламенттің депутаттық корпусы, Ресей елшігілігі, Россотрудничествоның Қазақстандағы өкілдігінің өкілдері мен университет түлектері, оқытушылар, студенттер қатысады.

17 ЖЕЛТОҚСАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

17-18 желтоқсанда Шынайы журналистика мектебі өтеді. Өтетін жері  - Ресей мәдениет және ғылым орталығы (Орыс үйі, Кенесары 39). Басталуы – 11.00.
Оқытушылар: Дмитрий Михайлин – "Русский Репортер" бас директоры, медиа-менеджер, Всеволод Пуля - Russia Beyond мультиплатформалық жобасының бас редакторы, Юрий Васильев –"Взгляд"интернет-редакциясының репортері, Алексей Алешковский – Ресей кинематографтар одағының сценаристер гильдасының президенті.
Шара журналистерге арналған. Қатысу үшін anorusrep.ru сайтында тіркелу қажет. "Герои поверх границ" батырмасын басу арқылы сілтемеге өтуге болады. Қатысу тегін. Курс соңында сертификат табысталады.
Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауап бермейді.
Жаңалықтар
0