Өңірлер

Бірнеше өңірде ауа райы бұзылады: Қазгидромет дабылды ескерту жариялады

© Sputnik / Кирилл Каллиников / Медиабанкке өтуМетель
Метель - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.12.2021
Жазылу
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Қарағанды облысының батысында, орталығында желдің екпіні 15-20 м/с артады
НҰР-СҰЛТАН, 11 желтоқсан – Sputnik. Елдің бірнеше өңірінде ауа райына байлынысты дабылды ескерту жарияланды. 
Қазгидромет мәліметінше, Ақтөбе облысында күндіз облыстың оңтүстік-батысында көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-батысында және орталығында екпіні 15-20 м/с артады.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында көктайғақ болады. Түркістан облысының солтүстігінде тұман болжанады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз таулы аудандарда күші 15-20 м/с жетеді.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Қарағанды облысының батысында, орталығында желдің екпіні 15-20 м/с артады. Қызылорда облысының солтүстігінде көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың орталығында желдің күші 15-20 м/с құрайды.
Шығыс Қазақстан облысының орталығында, оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с құрайды, күндіз Жарма ауданында күші 23-28 м/с артады. Алматы облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с құрайды. Алакөл көлдерінің ауданында екпіні 29 м/с және одан жоғары көтеріледі.

Оқи отырыңыз: 

 
Жаңалықтар
0