Өңірлер

Тастап кетті деп ойлаған: Таразда 8 жастағы қыз өте қауіпті әрекет жасады

© Sputnik / Владислав ВодневСвет на балконе многоэтажки
Свет на балконе многоэтажки - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.12.2021
Жазылу
Ұлттық гвардияның патрульдік жасағы баланың бесінші қабаттан құлап кетуіне тосқауыл болды  
НҰР-СҰЛТАН, 10 желтоқсан — Sputnik. Таразда орналасқан Ұлттық гвардияға қарасты 5513 әскери бөлімінің жасағы қаланы аралап жүріп бесінші қабаттағы балконнан түспек болған қызды көріп қалған. Оқушы ата-анам тастап кетті деген оймен жабық пәтерден сыртқа шықпақ болған, деп жазды Polisia.kz.
Ұлттық гвардия баспасөз қызметінің мәліметінше, үш адамнан құралған әскери жасақ белгіленген аумақты патрульдеу кезінде көппәтерлі үйдің бесінші қабатындағы балконнан төмен түсуге талпынып жатқан қызды көрген.
"Әскери жасақ басшысы қатардағы сарбаз Ерден Ауған радиостанция арқылы оқиға туралы кезекші әскери жасақ пен учскелік инспекторға хабарлаған. Олар келгенге дейін гвардиялық сабраздар баламен сөйлесіп, уақыт созып тұрған. Учаскелік полицей келгеннен кейін олар баланың анасын шақырып, пәтерге кірген", - деп хабарлады Ұлттық гвардияның баспасөз қызметі.
Баланың анасы сегіз жастағы қызын үйде жалғыз қалдырып, өзі азық-түлік алуға дүкенге шығып кеткенін айтты. Үйде туыстарының жоқ екенін байқаған қыз өзін жалғыз тастап кетті деп ойлаған.
Тараздық әйел қырағылық танытып, дер кезінде көмек көрсеткені үшін әскери қызметшілерге алғыс білдірді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
0