Видео

Назарбаев пен Тоқаев Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысты – видео

Жазылу
НовостиTelegram
Еуразиялық экономикалық кеңестің мәліметінше, отырыстың күн тәртібіне 20-дан аса мәселе қойылған
Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің басшыларының қатысуымен Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтіп жатыр.
Оған Еуразиялық экономикалық кеңестің құрметті төрағасы, Қазақстан республикасының бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаев, ЕАЭС жанындағы бақылаушы елдер – Өзбекстан, Куба елдерінің президенттері мен Еуразиялық экономикалық комиссияның төрағасы Михаил Мясников қатысып жатыр.
ЕЭК мәліметінше, мемлекет басшылары экономикалық кеңестің 2020 жылдың 11 желтоқсанындағы Иран Ислам республикасымен келісімі және 2025 жылға дейін еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың стратегиялық бағыттары туралы шешімі бойынша есеп береді.
Жоғары кеңес мүшелері 2022 жылғы Еуразиялық экономикалық одақтың халықаралық қызметінің бағытын талқылайды.
Күн тәртібінде ЕАЭО өзге де секторындағы мәселелерді либерализациялау, құрылыс саласындағы бірыңғай нарықтың іске қосылуын қамтамасыз ету, сол нарықтың қызметі үшін баға қызметінің ортақ талаптарын талқылау мәселесі бар. 
Сонымен қатар мемлекет көшбасшылары Одақ туралы келісімшартқа және ЕАЭО аумағында жүктерді бақылау үшін навигациялық пломба қолдану, кедендік салық пен кедендік транзитке қатысты өзге де төлемдерге аудиторлық тексерісті жүргізу туралы келісімдерге өзгеріс енгізу хаттамасын қарастырады.
Жаңалықтар
0