https://sputnik.kz/20211210/Balalar-avtobus-ort-18873422.html
Балаларды жанып жатқан автобустан шығарған: Ақтаудағы өрттің мән-жайы
Балаларды жанып жатқан автобустан шығарған: Ақтаудағы өрттің мән-жайы
Sputnik Қазақстан
Куәгерлердің бірі "соңғы баланы сыртқа шығарғанда, автобус толығымен өртке оранғанын" айтты 10.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-10T12:16+0500
2021-12-10T12:16+0500
2023-08-10T16:53+0500
оқиға
автобус
өрт
ақтау
https://sputnik.kz/img/353/94/3539466_0:209:4000:2459_1920x0_80_0_0_3ba79e5b9aeebe2961520d6846c47bf2.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 10 желтоқсан – Sputnik. Ақтауда автобус өртенді. Төтенше жағдай видеосы әлеуметтік желіде лезде тарап кеткен. Авторлар өрттен адамдар қаза тапқанын, арасында балалар барын айтқан. Алайда қала билігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.Куәгерлер кішкентай жолаушыларды жанып жатқан көліктен қалай шығарғанын айтып берді.Өрт куәгерлері не дейді"Автобусқа жүгіріп келгенімде, алдыңғы жағындағы капот астынан өртеніп жатыр екен. Салонда балалар отыр. Қанша екенін нақты айта алмаймын, бірақ автобустың артқы бөлігі балаларға толы болды. Жүгіріп келген адамдар балаларды шығаруға көмектесті, біз оларды бір-бірімізге беріп отырдық. Балалар шошып қалған. Әйтсе де біздің жолымыз болды, өйткені соңғы баланы шығарғаннан кейін, автобус толығымен отқа оранды", - деді Руслан есімді куәгер "Лада" басылымына.Тағы бір куәгер де өртенген автобустың ішінде балалар болғанын мәлімдеді."30-ға жуық бала болды, оларды тез арада басқа автобусқа мінгізіп, алып кетті. Сосын ата-аналар келді, жылап, байбалам салды. Бәлкім, олар балаларын басқа автобусқа отырғызғанын білмеген шығар", - дейді екінші куәгер.Ақтау әкімдігінің түсініктемесіАқтау әкімдігі жанған автобуста жолаушылар қаза болғаны жайлы ақпарат фейк екенін мәлімдеді.Ведомство ТЖ 9 желтоқсан 17:31-де қаланың 1-ші шағын ауданында болғанын растады. ПАЗ-320530 автобусы өртенген. Бірақ әкімдік құтқарылған балалар жайлы ештеңеге хабарлаған жоқ.Ведомство өрт сөндірушілер келгенде автобус салонында жолаушылар болмағанын, көз жұмғандар мен зардап шеккендер жоқ екенін атап өтті. Өрт 17:43-те сөндірілді. Оқиғаның себебі анықталып жатыр.
ақтау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/353/94/3539466_222:0:3778:2667_1920x0_80_0_0_05ab32c4684feffa7f71de890143fef2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
автобус, өрт, ақтау
Балаларды жанып жатқан автобустан шығарған: Ақтаудағы өрттің мән-жайы
12:16 10.12.2021 (жаңартылды: 16:53 10.08.2023) Куәгерлердің бірі "соңғы баланы сыртқа шығарғанда, автобус толығымен өртке оранғанын" айтты
НҰР-СҰЛТАН, 10 желтоқсан – Sputnik. Ақтауда автобус өртенді. Төтенше жағдай видеосы әлеуметтік желіде лезде тарап кеткен. Авторлар өрттен адамдар қаза тапқанын, арасында балалар барын айтқан. Алайда қала билігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Куәгерлер кішкентай жолаушыларды жанып жатқан көліктен қалай шығарғанын айтып берді.
"Автобусқа жүгіріп келгенімде, алдыңғы жағындағы капот астынан өртеніп жатыр екен. Салонда балалар отыр. Қанша екенін нақты айта алмаймын, бірақ автобустың артқы бөлігі балаларға толы болды. Жүгіріп келген адамдар балаларды шығаруға көмектесті, біз оларды бір-бірімізге беріп отырдық. Балалар шошып қалған. Әйтсе де біздің жолымыз болды, өйткені соңғы баланы шығарғаннан кейін, автобус толығымен отқа оранды", - деді Руслан есімді куәгер
"Лада" басылымына.
Тағы бір куәгер де өртенген автобустың ішінде балалар болғанын мәлімдеді.
"30-ға жуық бала болды, оларды тез арада басқа автобусқа мінгізіп, алып кетті. Сосын ата-аналар келді, жылап, байбалам салды. Бәлкім, олар балаларын басқа автобусқа отырғызғанын білмеген шығар", - дейді екінші куәгер.
Ақтау әкімдігінің түсініктемесі
Ақтау әкімдігі жанған автобуста жолаушылар қаза болғаны жайлы ақпарат фейк екенін мәлімдеді.
Ведомство ТЖ 9 желтоқсан 17:31-де қаланың 1-ші шағын ауданында болғанын растады. ПАЗ-320530 автобусы өртенген. Бірақ әкімдік құтқарылған балалар жайлы ештеңеге хабарлаған жоқ.
Ведомство өрт сөндірушілер келгенде автобус салонында жолаушылар болмағанын, көз жұмғандар мен зардап шеккендер жоқ екенін атап өтті. Өрт 17:43-те сөндірілді. Оқиғаның себебі анықталып жатыр.