https://sputnik.kz/20211209/toqaev-zeynetaqyny-shek-18869483.html
Тоқаев зейнетақының шекті межесін көтеру мерзімін ұзартуды тапсырды
Тоқаев зейнетақының шекті межесін көтеру мерзімін ұзартуды тапсырды
Sputnik Қазақстан
Мемлекет басшысы зейнетақы жинақтарының шекті межесін көтеру туралы шешімге қатысты көпшіліктің өтінішіне құлақ асты 09.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-09T16:51+0500
2021-12-09T16:51+0500
2022-02-01T13:05+0500
қоғам
зейнетақы қорындағы ақшаны мерзімінен бұрын алу
қасым-жомарт тоқаев
зейнетақы
мерзім
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/07/18841049_0:0:2049:1153_1920x0_80_0_0_0765433dc11bf9a40cf213deb9c13604.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 9 желтоқсан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке зейнетақы жинағының шекті межесін көтеру мерзімін 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін ұзартуды тапсырды.Шекті меже келесі жылдан бастап ең төменгі жалақының өсуіне байланысты көтеріледі. Зейнетақы жүйесінің негізгі міндеті – азаматтарды зейнетке шыққаннан кейін қажетті жеткілікті табыспен қамтамасыз ету."Сондықтан зейнетақы жинақтарының шекті межесін көтеру жөніндегі шешім – негізінен осы бағыттағы дұрыс қадам. Мемлекет басшысы зейнетақы қорындағы шекті межеден асқан қаржысын пайдаланып үлгермеген азаматтарды қолдады. Үкіметке бұрынғы шекті межені көтеру мерзімін 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін ұзартуды тапсырды", - деп жазды Уәли.Жеткілікті шек өседі2022 жылдан бастап жеткілікті шек өзгереді (зейнетақы жинағының бұл межеден асатын бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе емделуге жұмсауға болады).Мысалы, егер биыл 35 жастағы азаматтар үшін шекті көрсеткіш 2 940 000 теңге болса, келесі жылдан бастап ол 5 060 000 теңгеге дейін өседі.Бұл өзгеріс келер жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енуге тиіс болатын. Алайда жаңашылдық қоғамда дау тудырды. БЖЗҚ-ның зейнетақы жинағын алу үшін жеткілікті шекті арттыру туралы шешіміне наразылық ретінде онлайн-петиция іске қосылды. Құжат авторлары 3 желтоқсанда жарияланған жеткіліктіліктің жаңа шегі көптеген қазақстандықтар үшін қолжетімді емес екенін алға тартты.Сарапшылар мен экономистер де жеткілікті шекті көтеру формуласында көптеген логикалық қате бар екенін айтты. Есептеу кезінде БЖЗҚ мамандары ең төменгі жалақының (ЕТЖ) жыл сайынғы өзгеруін және жыл сайынғы өсу процентін ескерді. Мұндай шешім екі түрлі есептеуге алып келді.Бұған қоса, Қазақстандағы орташа ресми жалақы 230 мың теңге екені айтылды. Ал жеткіліктілік шегінің жаңа мөлшеріне сай келу үшін 31 жастағы адам оқу бітіргеннен кейінгі бірінші айдан бастап 10 жыл бойы 375 мың теңгеден алуы қажет еді.Сондықтан өзгерістерді ескергенде зейнетақы жинағының бір бөлігін ала алатын қазақстандықтардың саны 500 мыңнан 150 мыңға дейін азайды.Министрлік мәлімдемесіЕңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2022 жылға бекітілген ең төменгі жеткілікті шекке қатысты қазіргі заңнамаға да, тиісті нормативтік актілерге де ешқандай өзгеріс енгізбегенін мәлімдеді. Барлық есеп-қисапты Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жасап шықты деді. Алайда бір күннен соң ведомство өз мәлімдемесін өзі жоққа шығарып, қызметкер қателігінен осындай ақпарат тарағанын айтып ақталды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/07/18841049_4:0:1823:1364_1920x0_80_0_0_218efce589a0ef9d7841f11845691c0b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зейнетақы қорындағы ақшаны мерзімінен бұрын алу, қасым-жомарт тоқаев, зейнетақы, мерзім
зейнетақы қорындағы ақшаны мерзімінен бұрын алу, қасым-жомарт тоқаев, зейнетақы, мерзім
Тоқаев зейнетақының шекті межесін көтеру мерзімін ұзартуды тапсырды
16:51 09.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Мемлекет басшысы зейнетақы жинақтарының шекті межесін көтеру туралы шешімге қатысты көпшіліктің өтінішіне құлақ асты
НҰР-СҰЛТАН, 9 желтоқсан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке зейнетақы жинағының шекті межесін көтеру мерзімін 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін ұзартуды тапсырды.
"Мемлекет басшысы зейнетақы жинақтарының шекті межесін көтеру туралы шешімге қатысты көпшіліктің өтінішіне құлақ асты", - делінген президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желіде жариялаған ақпаратта.
Шекті меже келесі жылдан бастап ең төменгі жалақының өсуіне байланысты көтеріледі. Зейнетақы жүйесінің негізгі міндеті – азаматтарды зейнетке шыққаннан кейін қажетті жеткілікті табыспен қамтамасыз ету.
"Сондықтан зейнетақы жинақтарының шекті межесін көтеру жөніндегі шешім – негізінен осы бағыттағы дұрыс қадам. Мемлекет басшысы зейнетақы қорындағы шекті межеден асқан қаржысын пайдаланып үлгермеген азаматтарды қолдады. Үкіметке бұрынғы шекті межені көтеру мерзімін 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін ұзартуды тапсырды", - деп жазды Уәли.
2022 жылдан бастап жеткілікті шек өзгереді (зейнетақы жинағының бұл межеден асатын бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе емделуге жұмсауға болады).
Мысалы, егер биыл 35 жастағы азаматтар үшін шекті көрсеткіш 2 940 000 теңге болса, келесі жылдан бастап ол 5 060 000 теңгеге дейін өседі.
Бұл өзгеріс келер жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енуге тиіс болатын. Алайда жаңашылдық қоғамда дау тудырды. БЖЗҚ-ның зейнетақы жинағын алу үшін жеткілікті шекті арттыру туралы шешіміне наразылық ретінде
онлайн-петиция іске қосылды. Құжат авторлары 3 желтоқсанда жарияланған жеткіліктіліктің жаңа шегі көптеген қазақстандықтар үшін қолжетімді емес екенін алға тартты.
Сарапшылар мен экономистер де жеткілікті шекті көтеру формуласында көптеген
логикалық қате бар екенін айтты. Есептеу кезінде БЖЗҚ мамандары ең төменгі жалақының (ЕТЖ) жыл сайынғы өзгеруін және жыл сайынғы өсу процентін ескерді. Мұндай шешім екі түрлі есептеуге алып келді.
Бұған қоса, Қазақстандағы орташа ресми жалақы 230 мың теңге екені айтылды. Ал жеткіліктілік шегінің жаңа мөлшеріне сай келу үшін 31 жастағы адам оқу бітіргеннен кейінгі бірінші айдан бастап 10 жыл бойы 375 мың теңгеден алуы қажет еді.
Сондықтан өзгерістерді ескергенде зейнетақы жинағының бір бөлігін ала алатын қазақстандықтардың саны 500 мыңнан 150 мыңға дейін
азайды.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2022 жылға бекітілген ең төменгі жеткілікті шекке қатысты қазіргі заңнамаға да, тиісті нормативтік актілерге де ешқандай өзгеріс енгізбегенін
мәлімдеді. Барлық есеп-қисапты Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жасап шықты деді. Алайда бір күннен соң ведомство өз мәлімдемесін өзі жоққа шығарып, қызметкер қателігінен осындай ақпарат тарағанын
айтып ақталды.