https://sputnik.kz/20211209/qbtu-student-ozine-qol-saldy-18868258.html
ҚБТУ студент қазасына қатысты ақпарат берді
ҚБТУ студент қазасына қатысты ақпарат берді
Sputnik Қазақстан
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, қайтыс болған студент ақпараттық технологиялар факультетінің бірінші курсында оқыған 09.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-09T14:51+0500
2021-12-09T14:51+0500
2022-02-01T13:05+0500
оқиға
студент
қаза
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/19/18494688_0:0:1281:721_1920x0_80_0_0_70e64e456bcf968505942290b445e907.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 9 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан-Британ техникалық университетінің студенті көз жұмды. Қайғылы оқиға туралы оқу орны әлеуметтік желіде хабарлады."Біз студентіміз Сергей Лидің қайғылы қазасы туралы өкінішті хабар алдық. Студенттің отбасы мен туған-туыстарының, достарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз. Сергей өте жарқын және ақкөңіл адам болды", - делінген ресми хабарламада.Университет өз тарапынан марқұмның отбасына барлық қажетті көмек пен қолдау көрсететінін мәлімдеді.Ал әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, қайтыс болған студент ақпараттық технологиялар факультетінің бірінші курсында оқыған. Оны екі пән бойынша сынақ тапсыра алмады. Студент өз-өзіне қол салғаны хабарланды.Алматы қалалық полиция департаменті де қайғылы оқиғаны растады. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 105-бабы ("Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу") бойынша тергеу шаралары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/19/18494688_24:0:1161:853_1920x0_80_0_0_90b2c82abc81d18321a3146413822312.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
студент, қаза
ҚБТУ студент қазасына қатысты ақпарат берді
14:51 09.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, қайтыс болған студент ақпараттық технологиялар факультетінің бірінші курсында оқыған
НҰР-СҰЛТАН, 9 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан-Британ техникалық университетінің студенті көз жұмды. Қайғылы оқиға туралы оқу орны әлеуметтік желіде хабарлады.
"Біз студентіміз Сергей Лидің қайғылы қазасы туралы өкінішті хабар алдық. Студенттің отбасы мен туған-туыстарының, достарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз. Сергей өте жарқын және ақкөңіл адам болды", - делінген ресми хабарламада.
Университет өз тарапынан марқұмның отбасына барлық қажетті көмек пен қолдау көрсететінін мәлімдеді.
"Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары қайғылы жағдайдың себебі мен мән-жайын анықтап жатыр", - дейді университет қызметкерлері.
Ал әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, қайтыс болған студент ақпараттық технологиялар факультетінің бірінші курсында оқыған. Оны екі пән бойынша сынақ тапсыра алмады. Студент өз-өзіне қол салғаны хабарланды.
Алматы қалалық полиция департаменті де қайғылы оқиғаны растады. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 105-бабы ("Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу") бойынша тергеу шаралары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.