Экономика

Вице-премьер зейнетақы жинағының шекті мөлшеріне қатысты пікір білдірді

© Sputnik / Абзал КалиевАлихан Смаилов
Алихан Смаилов - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.12.2021
Жазылу
Әлихан Смайылов шекті мөлшер ең төменгі жалақыға негізделгенін, ал оның көлемі шамамен 41%-ке артқанын атап өтті  
НҰР-СҰЛТАН, 9 желтоқсан – Sputnik. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдаланудың шекті мөлшеріне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үкімет отырысынан кейін журналистердің сұрағына жауап берген Смайылов бұл мәселемен премьер-министрдің басқа орынбасары айналысатынын атап өтті. Жеткілікті шекті көтеру туралы арнайы шешімді ешкім қабылдамаған.
Оқи отырыңыз: "Қызметкеріміз қателесті": еңбек министрлігі кешегі мәлімдемесін жоққа шығарды 
"Бұл осы жылдың басында қабылданған жеткілікті шекті есептеу әдістемесінде болды. Ол жерде шекті мөлшер ең төменгі жалақыға негізделген. Өздеріңіз білесіздер, ең төменгі жалақы өсті және бұл дұрыс. Соның нәтижесінде жеткілікті шек те көтерілді. Ең төменгі айлық шамамен 41%-ке артты. Тиісінше, соның артынан жеткілікті шек те өсіп отыр", -деді Смайылов. 
"Жеткілікті шектің өсуі қандай да бір соманың қолжетімсіз болатынын білдіреді. Бұл әдістеме жылдың басында бекітілген, менің ойымша, бұл дұрыс әдістеме", - деді вице-премьер.
Еске салсақ, 3 желтоқсанда Қазақстанда зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдаланудың шекті мөлшері 2022 жылы күрт өсетіні хабарланды. Енді зейнетақы жинағын алу үшін әр жастағы адамдардың зейнетақы шотында кемінде мынадай сома қалуы керек: 21 жас – 3,2 миллион теңге, 22 жас – 3,3 миллион теңге, 30 жас – 4,4 миллион теңге, 40 жас – 5,8 миллион теңге, 50 жас – 7,4 миллион теңге.
Жаңалықтар
0