Өңірлер

Атын өзгертіп қайтып келген: Атырауда елден шығарылған Тәжікстан азаматы ұсталды

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтуАрхивное фото человека в клетке для подсудимых
Архивное фото человека в клетке для подсудимых - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.12.2021
Жазылу
Полиция қоғамдық орында мас күйде жүргені үшін ел аумағынан 5 жылға шеттетілген шетелдікті анықтады
НҰР-СҰЛТАН, 9 желтоқсан – Sputnik. Атырау облысында елден шығарылған Тәжікстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырау облысы полиция департаменті 6-12 желтоқсан аралығында “Мигрант” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде қоғамдық орында мас күйде жүргені үшін ел аумағынан 5 жылға шеттетілген шетелдікті анықтады.
Тәжікстан Республикасының 35 жастағы азаматы өз еліне барып, жеке басын растайтын құжаттарындағы ақпаратты өзгертіп, Қазақстанға қайтып келгендігі белгілі болды.
"Аталған факті жедел-профилактикалық іс-шара өткізу кезінде такси жүргізуші болып жұмыс істеп жүрген Тәжікстан азаматының құжаттарын тексеру барысында анықталды. Ұсталған шетелдік өз кінәсін толықтай мойындады. Қазіргі таңда ел шекарасына заңсыз кірген ер адам 30 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Іс-құжаттар жинақталып, заңды шешімін шығару үшін сотқа жолданатын болады", – деді Атырау қалалық полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің бастығы Қадырбек Әбішов.
Жаңалықтар
0