Қоғам

Нұр-Сұлтанда жол бойындағы жаппай төбелес видеоға түсіп қалды

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.12.2021
Жазылу
Елорда көшелерінің бірінде түнгі үштер шамасында жаппай төбелес болды, тергеу жүріп жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 9 желтоқсан – Sputnik. Нұр-Сұлтан полициясы түн ортасында жол бойында төбелескен бір топ адамды ұстады, деп хабарлайды елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris_p_astana 🇰🇿🚔🔝 (@kris.p.astana)

Әлеуметтік желіде бір топ адамның жол бойында жаға жыртысқан сәті түсірілген видео тарады. Автор оқиға Ш.Құдайбердіұлы көшесінде түнгі сағат үште болғанын жазған.
Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті бұған түсініктеме берді.
Тәртіп сақшыларының ақпаратынша, 9 желтоқсанға қараған түні полицияға Ш.Құдайбердіұлы көшесінде төбелес болып жатқаны туралы хабар түскен.
"Оқиғаға қатысы бар барлық адам ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Анықталғандай, қоғамдық тәртіпті бұзғандар түнде бардан шыққан. Кейін төбелесіп қалған", - делінген хабарламада.
Бұл фактіге қатысты "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.
Оқи отырыңыз: 
Жаңалықтар
0