Оқиға

Ақтауда жүріп келе жатқан жолаушылар автобусы өртенді – видео

© AP Photo / Leo CorreaГорящий автобус, архивное фото
Горящий автобус, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.12.2021
Жазылу
Жолаушылар салоннан өрт сөндірушілер жеткенше шығарылды. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ
НҰР-СҰЛТАН, 9 желтоқсан – Sputnik. Ақтау қаласында жолаушылар автобусы толықтай өртеніп кетті. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz)

Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 9 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 17.31-де "ПАЗ-320530" маркалы жолаушылар автобус жүріп келе жатып өртенді.
Жолаушылар салоннан өрт сөндірушілер жеткенше шығарылды. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрт сағат 17.43-те сөндірілді.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Оны сөндіруге сегіз өрт сөндіруші мен үш техника жұмылдырылды. 

Оқи отырыңыз: 

 
 
Жаңалықтар
0