Қазақстанда жаңа ұлттық парк құрылды
16:11 08.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022)

© Sputnik / Анатолий Устиненко
Жазылу
Бұл республикадағы 14-ші ұлттық парк, ол Қарағанды облысында орналасқан
НҰР-СҰЛТАН, 8 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанда жаңа ұлттық парк құрылды. Бұл туралы Twitter-де экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев хабарлады.
"Қазақстан үкіметінің 2021 жылғы № 867 қаулысына сәйкес, "Ұлытау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі құрылды", - деп жазды министр.
Брекешев бұл еліміздегі 14-ші ұлттық парк екенін атап өтті.
"Жаңа парктің ашылуын еліміздің экожүйесін қорғау жолындағы елеулі жетістік деуге болады. Министрлік табиғатты қорғау жолындағы кешенді жұмыстарды жалғастыра береді", - деп толықтырды министр.
Қазақстандағы ұлттық парктер:
- Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
- Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
- "Алтынемел" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
- "Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
- Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
- "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
- Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
- Шарын ұлттық паркі
- Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
- "Көлсай көлдері" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
- Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
- "Бұйратау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
- "Тарбағатай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі