Спорт

Қазақстандық ауыр атлет Арли Чонтей әлем чемпионы болды

© Photo : Национальный олимпийский комитетТяжелоатлет Арли Чонтей
Тяжелоатлет Арли Чонтей - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.12.2021
Жазылу
Ол жұлқа көтеруде 118 келіні бағындырса, серпе көтеруде 142 келіні еңсеріп, барлық қарсыласын басып озды
НҰР-СҰЛТАН, 8 желтоқсан – Sputnik. Өзбекстан астанасы Ташкентте ауыр атлетикадан әлем чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан қоржынына алтын медаль түсті, деп хабарлайды Olympic.kz
Ерлер арасында 55 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Арли Чонтей ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды. Ол жұлқа және серпе көтеруден берілген алты мүмкіндікті де сәтті пайдаланды. 
Спортшы жұлқа көтеруде 118 келіні бағындырса, серпе көтеруде 142 келіні еңсеріп, барлық қарсыласын басып озды. Қоссайыс қорытындысы бойынша Арли 260 келіні көтерді. 
Күміс медальді Таиланд (256 келі), қоланы Болгария спортшысы (254 келі) еншіледі. 
Айта кетері, әлем біріншілігі 17 желтоқсанға дейін жалғасады. 
Бұрынғы ауыр атлет Альберт Линдердің өлімінен кейін Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы төңірегінде дау туындады. Жаттықтырушылар штабы тарапынан өрескел бұзушылықтар анықталды, құраманың бас бапкері Бақыт Ахметов, аға жаттықтырушы Сергей Седов және басқалар жұмыстан шеттетілді.
Ташкенттегі әлем чемпионатының алғашқы күнінде федерация ұлттық құраманы жеке командаларға (ерлер, әйелдер) бөлу туралы шешім қабылданды.
Федерацияның бас хатшысы Алдияр Нұралиновтың айтуынша, ерлер мен әйелдердің спорттық дайындығында түбегейлі айырмашылық бар. Сондықтан осындай шешім қабылданған.
Жаңалықтар
0