Аңдатпа

Қазақстанда 9 желтоқсанда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневВиды города Нур-Султан зимой
Виды города Нур-Султан зимой - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.12.2021
Жазылу
Sputnik Қазақстан 2021 жылдың 9-17 желтоқсанында өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

9 ЖЕЛТОҚСАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10.30 - Орталық коммуникациялар қызметінде "Президент жолдауын іске асыру шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдіруге” қатысты брифинг өтеді. Спикер: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkzhttps://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.
12.30 - Орталық коммуникациялар қызметінде мемлекет басшысының Жолдауы аясында Шымкент қаласының дамуы туралы брифинг болады. Спикер: Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkzhttps://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.
16.30 - Орталық коммуникациялар қызметінде Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының қызметі туралы брифинг өтеді. Спикер: қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Талғат Қалиев. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz; https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

НҰР-СҰЛТАН

08.00 - Үкімет отырысы. Күн тәртібінде: санитарлық-эпидемиологиялық ахуал және 2021 жылдың қаңтар-қараша айларында республикалық бюджет орындалуы мен әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы. Тікелей трансляция PrimeMinister.kz сайтында, Mail.KZ және Aitube.kz порталдарында, ресми YouTube каналы мен Facebook, Twitter, "ВКонтакте" әлеуметтік желілерінде көрсетіледі.
19.00 – "Содружество квартетов" спектаклі ("Астана Опера" театры, Камералық зал, Қонаев көшесі, 1).
19.00 – "Человек подушка" спектаклі (Горький атындағы театр, Кіші зал, Желтоқсан көшесі, 11).

АЛМАТЫ

12.00 – "Как лечить львиный страх" спектаклі (Алматы мемлекеттік қуыршақ театры, Пушкин көшесі, 63).
13.00 – 15.00 - "Өнер барысы". Жобада республикаға танымал өнер адамдары "Қазақша күрес" ережесі бойынша боз кілемде бақ сынайды. Биыл жарыс 4 салмақ: аса жеңіл, жеңіл, ауыр, аса ауыр салмақ бойынша өтеді. Жүлдеқоры: 16 млн теңге. Модератор: Мейіржан Әлібек. Өтетін орны: Әл-Фараби 77/8, Kinopark 11 IMAX Esentai.
  • 12.30 – 13.00 БАҚ өкілдері мен қонақтарды тіркеу
  • 13.00 – 13.15 Жоба ұйымдастырушыларының алғы сөзі: Балғынбек Имашев, Мейіржан Әлібек
  • 13.15 – 13.30 Жоба қатысушыларының сөзі
  • 13.30 – 15.00 Сұрақ-жауап
Аккредитация үшін: +7(702)-302-7897 Дина; +7(700)-238-5514 Диас.
18.30 – "Махаббат, қызық мол жылдар" спектаклі (Ғ.Мүсірепов атындағы театр, Абылай хан даңғылы, 38).
18.30 – "Туған күн" спектаклі (Әуезов атындағы театр, Абай даңғылы, 103).
19.00 – "Любовница" спектаклі ("Өркен" театр-студиясы, ағайынды Абдуллиндер көшесі, 38).

17 ЖЕЛТОҚСАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

17-18 желтоқсанда Шынайы журналистика мектебі өтеді. Өтетін жері  - Ресей мәдениет және ғылым орталығы (Орыс үйі, Кенесары 39). Басталуы – 11.00.
Оқытушылар: Дмитрий Михайлин – "Русский Репортер" бас директоры, медиа-менеджер, Всеволод Пуля - Russia Beyond мультиплатформалық жобасының бас редакторы, Юрий Васильев –"Взгляд"интернет-редакциясының репортері, Алексей Алешковский – Ресей кинематографтар одағының сценаристер гильдасының президенті.
Шара журналистерге арналған. Қатысу үшін anorusrep.ru сайтында тіркелу қажет. "Герои поверх границ" батырмасын басу арқылы сілтемеге өтуге болады. Қатысу тегін. Курс соңында сертификат табысталады.
Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауап бермейді.
Жаңалықтар
0