Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

"Соғыс иісі қандай болатынын сезіндім": "Жусан" операциясы қалай өтті – фото

Жазылу
Ақтау қаласының маңында, Каспий теңізінің жағалауында орналасқан "Фламинго" балалар лагерінің базасында Сириядан келген әйелдер мен балаларды оңалтуға арналған орталық ашылды. Ол жерде Қазақстанға қайта оралғандар отыз күн бойы бейбіт өмірге бейімдеуден өтті
Тығырыққа тірелген ДАИШ* содырлары әйел, бала-шағасымен Сирияның Дэйр-эз-Зор провинциясындағы Багуз қаласында жиналды. Мұнда әлемнің әр түкпірінен келген мыңдаған адам бар. Батыс авиациясының қолдауымен күрд жасағының шабуылы өршіп, екпіні күшейе түсті .
Осы шақта кеше ғана "жиһадқа" шақырып жүрген "Халифат" серкелері, негізінен, арабтар басқаруындағы мыңдаған адамды өлімге тастап, бас сауғалап қашып кетті. Сол құрбандардың ішінде бірнеше жыл бұрын "Бүкіләлемдік Ислам Халифатын" құру идеясымен уланып Сирияға қарай жол тартқан жүздеген қазақстандық азамат та бар.
Олар тірі қалу үшін гуманитарлық дәліздермен өтіп, күрдтерге беріліп жатты. Содырлар, әйелдер мен балалар. Олардың барлығы күрдтер асығыс тұрғызған түрмелер мен қашқындарға арналған лагерьлерге орналастырылды. Дәл сол кезде бүгінде әлемге әйгілі "Әл-Холь" немесе "Родж лагері" деген атаулар пайда болды.
Лагерьлердегі жағдай жантүршігерлік: аштық, антисанитария, түрлі ауру. Өлім деңгейі өте жоғары, әсіресе, жас балалар арасында өлім-жітім көп.
2018 жылдың көктемінде тұтқындағы әйелдер алғаш рет Қазақстандағы туыстарымен, кейіннен Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерімен байланысқа шықты. Олар өздерін Отанға алып кетуді сұрап, қателікті түсініп, өз іс-әрекеті үшін кез келген жауапкершілікті көтеруге дайын екенін айтты. Елбасы атына, үкіметке, Сыртқы істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшылығына көмек сұраған өтініштер саны арта түсті.
Содырлар жазасын алатынына күмән болмады. Бірақ өзге елдегі балалар мен әйелдердің жайы алаңдатты. Олар қатаң жазалануы тиіс террорист пе, әлде оңалту мен қоғамға қайтаруды қажет ететін құрбан ба? Кей скептиктер репатриация экстремистік әлеуеттің Қазақстанға ығысуына алып келеді деген пікірді ұстанды.
2018 жылдың ортасынан бастап кең ауқымды дайындық, ұйымдастырушылық және жедел жұмыстар қолға алынып, жыл соңына қарай бұл операция жүзеге асырыла бастады.
Операцияның белсенді кезеңі 2019 жылдың 6 қаңтарында басталды. Ақтау қаласындағы әуежайдан  Қорғаныс министрлігінің С-295 алғашқы үш әскери ұшағы ұшып шығып, кері қарай қолға түскен содырлар, қазақстандық әйелдер және балалармен оралды.
Қазақстанға барлығы 607 азамат жеткізілді. Бұл – 37 ер адам, 157 әйел және 413 бала еді және соның ішінде 34 жетім бала еді.
Ақтау қаласының маңында, Каспий теңізінің жағалауында орналасқан "Фламинго" балалар лагерінің базасында Сириядан келген әйелдер мен балаларды оңалтуға арналған орталық ашылды. Ол жерде Қазақстанға қайта оралғандар отыз күн бойы бейбіт өмірге бейімдеуден өтті.
Толығырақ Ұлттық қауіпсіздік комитеті жариялаған суреттерден көре аласыз. 
* – Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым.
© Photo : ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми сайтыЭкстремистік топ жетекшілері "Халифат" құрамыз деген "ұлы" жоспармен талай адамды арбап, ақырында өлімге қалдырып кетті. Сондықтан ДАИШ содырлары әйелдері және бала-шағаларымен Сирияның Дэйр-эз-Зор провинциясындағы Багуз қаласын паналап, екпіні күшейген күрд жасақтарына беріліп жатты
Экстремистік топ жетекшілері Халифат құрамыз деген ұлы жоспармен талай адамды арбап, ақырында өлімге қалдырып кетті. Сондықтан ДАИШ содырлары әйелдері және бала-шағаларымен Сирияның Дэйр-эз-Зор провинциясындағы Багуз қаласын паналап, екпіні күшейген күрд жасақтарына беріліп жатты - Sputnik Қазақстан
1/11
Экстремистік топ жетекшілері "Халифат" құрамыз деген "ұлы" жоспармен талай адамды арбап, ақырында өлімге қалдырып кетті. Сондықтан ДАИШ содырлары әйелдері және бала-шағаларымен Сирияның Дэйр-эз-Зор провинциясындағы Багуз қаласын паналап, екпіні күшейген күрд жасақтарына беріліп жатты
© Photo : ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми сайтыМұндай жағдайға тап болғандар арасында қазақстандықтар да бар еді. Күрдтер асығыс тұрғызған түрмелер мен қашқындарға арналған лагерьлерде күнелтіп жатқан тұтқындағы әйелдер 2018 жылдың көктемінде алғаш рет Қазақстандағы туыстарымен, кейіннен Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерімен байланысқа шықты
Мұндай жағдайға тап болғандар арасында қазақстандықтар да бар еді. Күрдтер асығыс тұрғызған түрмелер мен қашқындарға арналған лагерьлерде күнелтіп жатқан тұтқындағы әйелдер 2018 жылдың көктемінде алғаш рет Қазақстандағы туыстарымен, кейіннен Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерімен байланысқа шықты - Sputnik Қазақстан
2/11
Мұндай жағдайға тап болғандар арасында қазақстандықтар да бар еді. Күрдтер асығыс тұрғызған түрмелер мен қашқындарға арналған лагерьлерде күнелтіп жатқан тұтқындағы әйелдер 2018 жылдың көктемінде алғаш рет Қазақстандағы туыстарымен, кейіннен Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерімен байланысқа шықты
© Photo : ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми сайтыЕлбасы атына, үкіметке, Сыртқы істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшылығына көмек сұраған өтініштер саны арта түсті. Содырлар жазасын алатынына күмән болмағанмен, балалар мен әйелдердің жайы алаңдатты. Олар қатаң жазалануы тиіс террорист пе, әлде оңалту мен қоғамға қайтаруды қажет ететін құрбан ба деген сауал туындады
Елбасы атына, үкіметке, Сыртқы істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшылығына көмек сұраған өтініштер саны арта түсті. Содырлар жазасын алатынына күмән болмағанмен, балалар мен әйелдердің жайы алаңдатты. Олар қатаң жазалануы тиіс террорист пе, әлде оңалту мен қоғамға қайтаруды қажет ететін құрбан ба деген сауал туындады - Sputnik Қазақстан
3/11
Елбасы атына, үкіметке, Сыртқы істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшылығына көмек сұраған өтініштер саны арта түсті. Содырлар жазасын алатынына күмән болмағанмен, балалар мен әйелдердің жайы алаңдатты. Олар қатаң жазалануы тиіс террорист пе, әлде оңалту мен қоғамға қайтаруды қажет ететін құрбан ба деген сауал туындады
© Photo : ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми сайты2018 жылдың ортасынан бастап кең ауқымды дайындық қолға алынып, ұйымдастырушылық және жедел жұмыстар басталды. Жыл соңына қарай бұл операция жүзеге асырыла бастады
2018 жылдың ортасынан бастап кең ауқымды дайындық қолға алынып, ұйымдастырушылық және жедел жұмыстар басталды. Жыл соңына қарай бұл операция жүзеге асырыла бастады - Sputnik Қазақстан
4/11
2018 жылдың ортасынан бастап кең ауқымды дайындық қолға алынып, ұйымдастырушылық және жедел жұмыстар басталды. Жыл соңына қарай бұл операция жүзеге асырыла бастады
© Photo : ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми сайтыОперация 2018 жылдың қарашасында басталды. Алайда Түркия күрд лагерьлеріне транзиттік ұшып өтуге рұқсат беруден үзілді-кесілді бас тартты. Сондықтан Сирияға әскери-жүк тасымалдағыш ұшақтар ұша алмай қалды. Ал Қазақстан азаматтарын алып шығудың басқа жолы жоқ еді. Операция тығырыққа тірелгендей болды
Операция 2018 жылдың қарашасында басталды. Алайда Түркия күрд лагерьлеріне транзиттік ұшып өтуге рұқсат беруден үзілді-кесілді бас тартты. Сондықтан Сирияға әскери-жүк тасымалдағыш ұшақтар ұша алмай қалды. Ал Қазақстан азаматтарын алып шығудың басқа жолы жоқ еді. Операция тығырыққа тірелгендей болды - Sputnik Қазақстан
5/11
Операция 2018 жылдың қарашасында басталды. Алайда Түркия күрд лагерьлеріне транзиттік ұшып өтуге рұқсат беруден үзілді-кесілді бас тартты. Сондықтан Сирияға әскери-жүк тасымалдағыш ұшақтар ұша алмай қалды. Ал Қазақстан азаматтарын алып шығудың басқа жолы жоқ еді. Операция тығырыққа тірелгендей болды
© Photo : ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми сайтыАлайда америкалық дипломаттар және әскерилермен, сондай-ақ өзге де мемлекеттердің өкілдерімен күрделі келіссөз жүргізу жалғасты. Соның ішінде ресми емес арналар да белсенді түрде іске тартылды. 2018 жылдың соңына қарай Қазақстанның алдыңғы шептегі тобына Сирияға ұшу мүмкіндігі туынды. Әуе сапары бейтарап үшінші ел арқылы жүзеге асырылды. Әзірше бұл елдің атауы жасырын
Алайда америкалық дипломаттар және әскерилермен, сондай-ақ өзге де мемлекеттердің өкілдерімен күрделі келіссөз жүргізу жалғасты. Соның ішінде ресми емес арналар да белсенді түрде іске тартылды. 2018 жылдың соңына қарай Қазақстанның алдыңғы шептегі тобына Сирияға ұшу мүмкіндігі туынды. Әуе сапары бейтарап үшінші ел арқылы жүзеге асырылды. Әзірше бұл елдің атауы жасырын - Sputnik Қазақстан
6/11
Алайда америкалық дипломаттар және әскерилермен, сондай-ақ өзге де мемлекеттердің өкілдерімен күрделі келіссөз жүргізу жалғасты. Соның ішінде ресми емес арналар да белсенді түрде іске тартылды. 2018 жылдың соңына қарай Қазақстанның алдыңғы шептегі тобына Сирияға ұшу мүмкіндігі туынды. Әуе сапары бейтарап үшінші ел арқылы жүзеге асырылды. Әзірше бұл елдің атауы жасырын
© Photo : ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми сайтыСирияға алдын ала аттанған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тобы өз өмірлеріне төнген қауіп-қатерге қарамастан, бір қаладан екінші қалаға барып, әрбір түрме, лагерді тексерумен айналысты. Тұтқындар туралы мәліметтер мұқият жинақталып, нақты уақыт режимінде Нұр-Сұлтан қаласындағы Арнаулы штабқа жөнелтіліп отырды. Негізгі эвакуация тізімі құрастырылып, әр әйелден елге оралуға жазбаша келісім алынды
Сирияға алдын ала аттанған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тобы өз өмірлеріне төнген қауіп-қатерге қарамастан, бір қаладан екінші қалаға барып, әрбір түрме, лагерді тексерумен айналысты. Тұтқындар туралы мәліметтер мұқият жинақталып, нақты уақыт режимінде Нұр-Сұлтан қаласындағы Арнаулы штабқа жөнелтіліп отырды. Негізгі эвакуация тізімі құрастырылып, әр әйелден елге оралуға жазбаша келісім алынды - Sputnik Қазақстан
7/11
Сирияға алдын ала аттанған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тобы өз өмірлеріне төнген қауіп-қатерге қарамастан, бір қаладан екінші қалаға барып, әрбір түрме, лагерді тексерумен айналысты. Тұтқындар туралы мәліметтер мұқият жинақталып, нақты уақыт режимінде Нұр-Сұлтан қаласындағы Арнаулы штабқа жөнелтіліп отырды. Негізгі эвакуация тізімі құрастырылып, әр әйелден елге оралуға жазбаша келісім алынды
© Photo : ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми сайты"Ұшақтан түскен кезде мен соғыс иісінің қандай болатынын сезіндім. Күйік, оқ-дәрі, жарылыстардан кейінгі кірпіш тозаңы мен ауыр техниканың табанымен иленген топырақ және даладан шыққан шаң ауада араласып кеткен. Ең қорқыныштысы – соғыстың кесірінен мүгедекке айналған өз балаларына деген аналардың немқұрайлылығы еді. Аяғынан айырылған қазақ баласына менің әріптестерім доп алып беруге, елге барғаннан кейін бірге футбол ойнауға уәде берді. Осы уәдемізде тұра алғанымыз үшін мақтанып өтетін боламын", - деп еске алды "Жусан" операциясына қатысқан Арнаулы мақсаттағы бөлімше офицері
Ұшақтан түскен кезде мен соғыс иісінің қандай болатынын сезіндім. Күйік, оқ-дәрі, жарылыстардан кейінгі кірпіш тозаңы мен ауыр техниканың табанымен иленген топырақ және даладан шыққан шаң ауада араласып кеткен. Ең қорқыныштысы – соғыстың кесірінен мүгедекке айналған өз балаларына деген аналардың немқұрайлылығы еді. Аяғынан айырылған қазақ баласына менің әріптестерім доп алып беруге, елге барғаннан кейін бірге футбол ойнауға уәде берді. Осы уәдемізде тұра алғанымыз үшін мақтанып өтетін боламын, - деп еске алды Жусан операциясына қатысқан Арнаулы мақсаттағы бөлімше офицері - Sputnik Қазақстан
8/11
"Ұшақтан түскен кезде мен соғыс иісінің қандай болатынын сезіндім. Күйік, оқ-дәрі, жарылыстардан кейінгі кірпіш тозаңы мен ауыр техниканың табанымен иленген топырақ және даладан шыққан шаң ауада араласып кеткен. Ең қорқыныштысы – соғыстың кесірінен мүгедекке айналған өз балаларына деген аналардың немқұрайлылығы еді. Аяғынан айырылған қазақ баласына менің әріптестерім доп алып беруге, елге барғаннан кейін бірге футбол ойнауға уәде берді. Осы уәдемізде тұра алғанымыз үшін мақтанып өтетін боламын", - деп еске алды "Жусан" операциясына қатысқан Арнаулы мақсаттағы бөлімше офицері
© Photo : ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми сайтыОперацияның белсенді кезеңі 2019 жылдың 6 қаңтарында басталды. Ақтау қаласындағы әуежайдан ҚР Қорғаныс министрлігінің С-295 алғашқы үш әскери ұшағы ұшып шығып, кері қарай олар қолға түскен содырлар, қазақстандық әйелдер және балалармен оралды
Операцияның белсенді кезеңі 2019 жылдың 6 қаңтарында басталды. Ақтау қаласындағы әуежайдан ҚР Қорғаныс министрлігінің С-295 алғашқы үш әскери ұшағы ұшып шығып, кері қарай олар қолға түскен содырлар, қазақстандық әйелдер және балалармен оралды - Sputnik Қазақстан
9/11
Операцияның белсенді кезеңі 2019 жылдың 6 қаңтарында басталды. Ақтау қаласындағы әуежайдан ҚР Қорғаныс министрлігінің С-295 алғашқы үш әскери ұшағы ұшып шығып, кері қарай олар қолға түскен содырлар, қазақстандық әйелдер және балалармен оралды
© Photo : ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми сайтыҚазақстанға барлығы 607 азамат жеткізілді. Бұл – 37 ер адам, 157 әйел және 413 бала еді және соның ішінде 34 жетім бала еді. Ақтау қаласының маңында, Каспий теңізінің жағалауында орналасқан "Фламинго" балалар лагерінің базасында Сириядан келген әйелдер мен баларды оңалтуға арналған орталық ашылды. Ол жерде Қазақстанға қайта оралғандар отыз күн бойы бейбіт өмірге бейімделді
Қазақстанға барлығы 607 азамат жеткізілді. Бұл – 37 ер адам, 157 әйел және 413 бала еді және соның ішінде 34 жетім бала еді. Ақтау қаласының маңында, Каспий теңізінің жағалауында орналасқан Фламинго балалар лагерінің базасында Сириядан келген әйелдер мен баларды оңалтуға арналған орталық ашылды. Ол жерде Қазақстанға қайта оралғандар отыз күн бойы бейбіт өмірге бейімделді - Sputnik Қазақстан
10/11
Қазақстанға барлығы 607 азамат жеткізілді. Бұл – 37 ер адам, 157 әйел және 413 бала еді және соның ішінде 34 жетім бала еді. Ақтау қаласының маңында, Каспий теңізінің жағалауында орналасқан "Фламинго" балалар лагерінің базасында Сириядан келген әйелдер мен баларды оңалтуға арналған орталық ашылды. Ол жерде Қазақстанға қайта оралғандар отыз күн бойы бейбіт өмірге бейімделді
© Photo : ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми сайтыРепатриант әйелдерге карантиннен кейін де жедел бақылау жасалды. Олармен сұхбат жүргізіліп, мінез-құлықы, іс-әрекеттеріне баға берілді. Психологтар мен теологтардың пікірлері негізінде әрбір әйелдің әлеуметтік және психологиялық портреттері дайындалып, қауіптілік деңгейі анықталды. Осылайша радикалды ұстанымдағы 18 әйел қылмыстық жауапкершілікке тартылып, оқшауланды. Ал Сириядан шығарылған қазақстандық содырларға келсек, 37 ер адамның барлығы елге жеткізілген соң тұтқындалып, террорлық іс-әрекеттері мен терроризмді насихаттағаны үшін сотталды. Оларға 6-14 жыл аралығында түрлі жаза мерзімі тағайындалды
Репатриант әйелдерге карантиннен кейін де жедел бақылау жасалды. Олармен сұхбат жүргізіліп, мінез-құлықы, іс-әрекеттеріне баға берілді. Психологтар мен теологтардың пікірлері негізінде әрбір әйелдің әлеуметтік және психологиялық портреттері дайындалып, қауіптілік деңгейі анықталды. Осылайша  радикалды ұстанымдағы 18 әйел қылмыстық жауапкершілікке тартылып, оқшауланды. Ал Сириядан шығарылған қазақстандық содырларға келсек, 37 ер адамның барлығы елге жеткізілген соң тұтқындалып, террорлық іс-әрекеттері мен терроризмді насихаттағаны үшін сотталды. Оларға 6-14 жыл аралығында түрлі жаза мерзімі тағайындалды - Sputnik Қазақстан
11/11
Репатриант әйелдерге карантиннен кейін де жедел бақылау жасалды. Олармен сұхбат жүргізіліп, мінез-құлықы, іс-әрекеттеріне баға берілді. Психологтар мен теологтардың пікірлері негізінде әрбір әйелдің әлеуметтік және психологиялық портреттері дайындалып, қауіптілік деңгейі анықталды. Осылайша радикалды ұстанымдағы 18 әйел қылмыстық жауапкершілікке тартылып, оқшауланды. Ал Сириядан шығарылған қазақстандық содырларға келсек, 37 ер адамның барлығы елге жеткізілген соң тұтқындалып, террорлық іс-әрекеттері мен терроризмді насихаттағаны үшін сотталды. Оларға 6-14 жыл аралығында түрлі жаза мерзімі тағайындалды
Жаңалықтар
0