Әлем

Германияда 16 жылдан соң жаңа канцлер сайланды

© Sputnik / Игорь Зарембо / Медиабанкке өтуБерлин
Берлин - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.12.2021
Жазылу
Бұған дейін Германия канцлері болған Ангела Меркель шығарып салды. Шольц Германияның тоғызыншы канцлері болды
НҰР-СҰЛТАН, 8 желтоқсан — Sputnik. Социал-демократ Олаф Шольц Германияның жаңа канцлері болды. Ол 8 желтоқсанда бундестагта дауыс беру қорытындысы бойынша сайланды, деп хабарлайды DW.
Басылым ақпаратына сәйкес, Шольцты бундестагтың 395 депутаты қолдаған.
Олаф Шольц 1958 жылы Оснабрюкте дүниеге келген. Құқықтану мамандығында оқып, адвокат болып қызмет еткен. Шольц екі рет бундестаг депутаты болды: 1998 - 2001 және 2002 - 2011 жылдар аралығы.
2007-ден 2009 жылға дейін ГФР үкіметінде еңбек министрі қызметін атқарған.
© REUTERS / WOLFGANG RATTAYГерманияның жаңа канцлері Олаф Шольц
Лидер СДПГ Олаф Шольц после объявления результатов экзит-поллов - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
Германияның жаңа канцлері Олаф Шольц
2011-2018 жылдар аралығында Гамбургтың бірінші бургомистрі болды. Ал 2018 жылдың наурызынан бастап қаржы министрлігін басқарды. Сол кезде вице-канцлер қызметін қоса атқарған. 
Бұған дейінгі Германия канцлері  Ангела Меркель осы лауазымда 16 жыл болған. 
Шольц Германияның тоғызыншы канцлері болды.
Жаңалықтар
0