https://sputnik.kz/20211208/Turgymbaev-Toqaev-kriminal-18858868.html
Тұрғымбаев Тоқаевқа елдегі криминогендік жағдай туралы есеп берді
Тұрғымбаев Тоқаевқа елдегі криминогендік жағдай туралы есеп берді
Sputnik Қазақстан
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады 08.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-08T15:15+0500
2021-12-08T15:15+0500
2022-02-01T13:05+0500
қоғам
қасым-жомарт тоқаев
ерлан тұрғымбаев
https://sputnik.kz/img/943/90/9439029_0:33:2138:1242_1920x0_80_0_0_a4b37bd466c6c78909c0b66ee59c4d5a.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 8 желтоқсан – Sputnik. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа елдегі криминогендік жағдай, ішкі істер органдарының биылғы атқарған жұмыстарының нәтижелері туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Ақорда.Министрдің айтуынша, Қазақстанда қылмыстық істердің азаюы бойынша оң үрдіс байқалады (5%-ке төмендеген). Бұл ретте кісі өлтіру 15 пайызға, тонау және бұзақылық 20 пайызға аз тіркелген. Қоғамдық орындар мен көшелердегі қауіпсіздік деңгейі жоғарылады.Сондай-ақ Тұрғымбаев президентке тапсырмаларының орындалуы жөнінде, атап айтқанда есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және балаларды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қос азаматтық фактілерінің жолын кесу үшін қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.Бұдан бөлек министр Тоқаевқа полиция жұмысының сервистік моделіне көшу, "жақын жердегі полиция" қағидатын қамтамасыз ету, учаскелік инспекторлардың қызметін реформалау және құқық бұзушылықтың алдын алу саласындағы олардың өкілеттіктерін кеңейту жөнінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы есеп берді.Оқи отырыңыз: Тұрғымбаев полицейлер қашан жаңа форма киетінін айттыСонымен қатар президентке ішкі істер органдарын цифрландыру барысы, полиция учаскелері мен қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жаппай бейнебақылау құрылғыларын орнату, автоматтандыру және халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызмет үдерістерін жеңілдету жайында баяндалды.Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер органдарының қызметіне оң баға беріп, ІІМ басшысына азаматтардың конституциялық құқығын қорғауға, қоғамдық тәртіпті сақтауға және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қосымша шаралар қабылдауды тапсырды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/943/90/9439029_0:0:2138:1343_1920x0_80_0_0_464991abcc12ffa1a8c50f77cecc5821.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, ерлан тұрғымбаев
қасым-жомарт тоқаев, ерлан тұрғымбаев
Тұрғымбаев Тоқаевқа елдегі криминогендік жағдай туралы есеп берді
15:15 08.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады
НҰР-СҰЛТАН, 8 желтоқсан – Sputnik. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа елдегі криминогендік жағдай, ішкі істер органдарының биылғы атқарған жұмыстарының нәтижелері туралы мәлімет берді, деп хабарлайды
Ақорда. Министрдің айтуынша, Қазақстанда қылмыстық істердің азаюы бойынша оң үрдіс байқалады (5%-ке төмендеген). Бұл ретте кісі өлтіру 15 пайызға, тонау және бұзақылық 20 пайызға аз тіркелген. Қоғамдық орындар мен көшелердегі қауіпсіздік деңгейі жоғарылады.
Сондай-ақ Тұрғымбаев президентке тапсырмаларының орындалуы жөнінде, атап айтқанда есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және балаларды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қос азаматтық фактілерінің жолын кесу үшін қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.
Бұдан бөлек министр Тоқаевқа полиция жұмысының сервистік моделіне көшу, "жақын жердегі полиция" қағидатын қамтамасыз ету, учаскелік инспекторлардың қызметін реформалау және құқық бұзушылықтың алдын алу саласындағы олардың өкілеттіктерін кеңейту жөнінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы есеп берді.
Сонымен қатар президентке ішкі істер органдарын цифрландыру барысы, полиция учаскелері мен қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жаппай бейнебақылау құрылғыларын орнату, автоматтандыру және халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызмет үдерістерін жеңілдету жайында баяндалды.
Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер органдарының қызметіне оң баға беріп, ІІМ басшысына азаматтардың конституциялық құқығын қорғауға, қоғамдық тәртіпті сақтауға және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қосымша шаралар қабылдауды тапсырды.