Қоғам

Тоқаевтың қолынан 3 миллион теңгеден алған жастардың тізімі жарияланды

Касым-Жомарт Токаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.12.2021
Жазылу
Грант иегерлері арасында жоба әзірлеушілер, бизнесмендер және басқа да белсенді қазақстандықтар бар болып шықты. Президент жалпы сомасы 90 миллион теңгені құрайтын 30 грант тапсырды
НҰР-СҰЛТАН, 8 желтоқсан – Sputnik. Бүгін Ақордада "Тәуелсіздік ұрпақтары" гранттарын табыстау рәсімі өтті. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 30 адамның әрбіреуіне 3 миллион теңгенің куәлігін табыстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған 30 грант ғылым, мәдениет, бизнес, ақпараттық технологиялар және медиа бойынша берілді. Ал конкурсқа 14-29 жас аралығындағы жастар қатысты.
"Ғылым" бағыты бойынша:
  • Кенжеғали Маманұлы Смайылов – "Satbayev University" коммерциялық емес акционнерлік қоғамы жанындағы "Металлургия және кен байыту институты" акционерлік қоғамының кіші ғылыми қызметкері;
  • Фарух Аркинович Машуров – Сүлеймен Демирел университетінің аға оқытушысы;
  • Арсен Аленұлы Оразбек – "Nazarbayev University" дербес білім беру ұйымының 3-курс студенті;
  • Антон Александрович Ивлев – "1С-РЕЙТИНГ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бағдарламашысы;
  • Бақытәлі Дәулешияр – Алматы облысы Жамбыл ауданының Әсет Бейсеуов атындағы орта мектебінің физика пәні мұғалімі;
  • Күнсұлу Қамбарбекқызы Пірманова – Қазақстан білім және ғылым министрлігі ғылым комитетінің А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты Қолданбалы лингвистика бөлімінің кіші ғылыми қызметкері.
"Мәдениет" бағыты бойынша:
  • Саят Тұрсынұлы Тоқсанбаев – "Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының инженерлік орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын" қызметкері;
  • Думан Нұрлыбекұлы Әкім – "Қазақ ұлттық өнер университеті" республикалық мемлекеттік мекемесі колледжінің оқытушы;
  • Дарья Владимировна Каливошкина – Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкері;
  • Руслан Жаңбырбайұлы Жұбаныш – "ҚазАқпарат" халықаралық ақпараттық агенттігі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің маманы;
  • Әзиза Нұрланқызы – Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылының М.Әбдіхалықов атындағы мектеп–гимназиясының оқушысы.
"Ақпараттық технологиялар" бағыты бойынша:
  • Гауһар Серахметқызы Жақажанова – "Nazarbayev University" дербес білім беру ұйымының магистрі;
  • Ақбота Жанатқызы Мұса – "BilimBer" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтайшысы;
  • Рузи Турсунмуратович Шихов – "Жезқазған қаласының көпсалалы ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының эпидемиолог-дәрігері;
  • Марғұлан Мұратұлы Ермек – "Essentail Technologies LLC" азық-түлік менеджері;
  • Нұрболат Бауыржанұлы Жанұзақ – М.Нәрікбаев атындағы KAZGUU университетінің 4-курс студенті.
"Бизнес" бағыты бойынша:
  • Эздар Серікұлы Бейсенов – "Қостанай политехникалық колледжi" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының 2-курс студенті;
  • Әлішер Серікболұлы Ибраев – "Диқан" сауда үйі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің заңгері;
  • Динара Рустамқызы Наумова – мотивациялық спикер, әлеуметтік жоба жетекшісі;
  • Жасұлан Мұратұлы Дүйсени – "DUISENI" жеке кәсіпкері;
  • Азиз Хожагаевич Рзаев – "Хожагаевич" жеке кәсіпкері;
  • Айдана Жасқайратқызы Кажимова – Батыс Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің оқытушысы;
  • Әлиасқар Сайранұлы Тынышбек – "Turan University" 2-курс студенті, "Endorphin" агенттігінің сандық маркетологы;
  • Вячеслав Владимирович Ким – "Kim Labs" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры;
  • Рухия Бердібекқызы Қалдыбай – "Мәңгілік ел Маңғыстау" қоғамдық қорының директоры.
"Медиа" бағыты бойынша:
  • Айсана Қанатқызы Намурадин – Қызылорда облысы Т.Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейінің мұғалімі;
  • Юлиан Демьянович Савицкий – "Akmola media" продюсерлік орталығының директоры;
  • Жансая Айсауытқызы Әлиева - "Симметрия" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің редакторы;
  • Нұрсәт Өміржанұлы Өмірбеков – Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы;
  • Әлиғазы Мирхатұлы Айдарханов – "Hi School" - онлайн білім беру орталығының жетекшісі.
Жаңалықтар
0