ТМД қалай құрылды – тарихи фактілер
21:49 08.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022)
© Sputnik / Юрий Иванов / Медиабанкке өтуПрезидент России Борис Ельцин (2 справа) после подписания Соглашения о создании Содружества Независимых Государств в Беловежской пуще
© Sputnik / Юрий Иванов
/ Жазылу
Желтоқсанда КСРО іс жүзінде таратылғанына 30 жыл толады – 1991 жылдың 8 желтоқсанында Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы мен Украина "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы келісімге (бейресми нұсқасы – Беловеж келісімі) қол қойды
Ресейде күні бүгінге дейін КСРО-ны сақтап қалуға болатыны туралы дау қызу жүріп жатыр. Жалпы бұл мәселе бойынша пікірталас КСРО-ны көрген азаматтардың көзі кетпейінше жалғаса беретін секілді.
Экономика расында да құлдырады ма
Біреулер кеңестік экономика құлдырады, сондықтан Одақты сақтап қалу мүмкін емес еді деген пікір айтады. Ал тағы біреулер кеңестік экономиканың қуатты болғанын алға тартып, Горбачев, Ельцин, Кравчук, Шушкевич және тағы басқа тұлғалардың шешуші әрекеті болмағанда, Одақ әлі күнге дейін таратылмаған болар еді дейді.
Кеңес үкіметі қауқарсыздық танытқаны туралы оймен келісуге болады. Себебі 1990 жылы елде темекі табылмай қалған шақ аксимо ретінде қабылданды. Темекі, папирос, сигара және басқа да темекі өнімдері жоғалып кетті. Олар бір күн, бір апта немесе бір айдан кейін де дүкен сөрелерінде болмады. Араға екі ай салып қана шектеулі көлемде елге жеткізілген импорттық тауар есебінен темекі тапшылығы жойыла бастады.
Мемлекеттік жоспар арқылы басқарылатын экономикасы бар үлкен елде темекі өнімдерінің күрт жоғалуы фабрикалардың тоқтап, ондаған мың адамның екі-үш ай уақытша болса да жұмыссыз отырғанын білдіреді.
Яғни Мемлекеттік жоспар шетелден жеткілікті көлемде шикізат сатып алуды қарастырмады, ал отандық өндіріс КСРО сұранысын қанағаттандыруға қауқарсыз болды.
Бұл кеңестік экономика жүйе ретінде жұмыс істемей қалғанын білдірді. Яғни, КСРО-ның экономикалық проблемасы уақытша емес, жүйелі сипатта болды. Ал жүйелі проблеманы дәл сол проблеманы туындатқан жүйе шеше алмасы анық.
Кеңес Одағы таратылмағанда не болар еді?
Одақ экономикалық тұрғыда тиімсіз болды. Ол экономикасы құрдымға кеткен Сомали, Ауғанстан сынды тіршілік ететін еді.
Сомалиде әкімшілік және саяси билік толығымен жойылған, ал Ауғанстанда тәлібтер әзірше еш нәтижесіз мемлекеттік тұрақтылықты жаңғыртуға тырысып жатыр.
Одақта экономиканың құлдырауы басқару құрылымына әсер етіп үлгермеді. Олар КСРО тарағаннан кейін де өз қызметтерін атқарды. Кейбірінің орталықтандыру деңгейі жоғары болғаны соншалық, оларды бөлу қиынға соқты. Осылайша маршал Шапошников қолбасшылық еткен ТМД Біріккен Қарулы Күштері 1993 жылдың қыркүйегіне дейін ыдыраған жоқ.
Одақтың ыдырау себебі
КСРО-дан дәл осы бюрократия бас тартты. Кеңес Одағының коммунистік партиясын кеңес қоғамының жетекші және бағыттаушы күші ретінде танитын Конституцияның 6-бабының күшін жою және Кремльдің партия билігін кеңес билігіне жедел көшіруге асығуы бюрократтар үшін жүйенің қауқарсыз екенін білдіретін белгі болды.
Нәтижесінде партия билікті берді, ал кеңестер билікті алуға қабілетсіз болды – сол шақта елде саяси дүрбелең белең ала бастады.
КСРО-ның ыдырауына бірнеше фактор себеп болды. Егер оны қысқаша былай түсіндіруге болады: экономикалық қиындыққа тап болған билік етуші партия басқару моделін өзгертуге тырысты.
Барлығы абдырап қалды
Республикалық партиялық элита Кремль реформаларының апатты сипатынан абдырап қалды. Кремль өңірлік элитаны контрреформалық бағытты ұстанады деп күдіктенді және оған себеп жоқ емес еді. Жоғарғы және орта басқару буыны арасында сенімсіздік пайда болды. Кремль жергілікті кадрға ротация жүргізбек болды, бірақ сенімді адамдарды белгісіз, жауапсыз популистерге алмастырып, өз жағдайын өзі нашарлатып жіберді.
Дәл осы саяси дүрбелең бюрократтар ортасында "Есің барда, еліңді тап!" деген ұран туындатты.
Орта буын бюрократиясына арқа сүйеп келген Кремль билігі абдырап қалды. Сондықтан КСРО президенті Михаил Горбачев Беловеждегі астыртын әрекетті тоқтатуға дауаламады. Өңірлік элита орталықтың дәрменсіздігін көріп, өз тағдырын өз қолына алатын уақыт жеткеніне сенімді болды.
Сындарлы сәтте одақты сақтап қалуға қызығушылық танытқан саяси күштің болмауынан КСРО тарады.
Кеңес Одағы аумағындағы аласапыран
1991 жылы алғашқы шешімге түбегейлі сенгендер аз болды. Көбі бұл ыдырау қайта реттелетінін, тек Одақ атауы мен орталық басқару үлгісі ғана өзгереді деп үміттенді. Бастапқыда Егемен Елдер Одағын (ЕЕО) құру туралы айтылды. 1991 жылдың 8 желтоқсанында Беловеж келісіміне қол қою кезінде Ресей, Украина, Беларусь Славян мемлекеттері одағын құру туралы шешімге келді.
Еске сала кетейік, бұл шақта Балтық елдері, Молдова, Грузия, Армения, Әзербайжан, Беларусь және Украина өз тәуелсіздіктерін жариялап үлгерген болатын. Оның үстіне Минск пен Киевтегі процестерді саяси әдістермен кері қайтаруға мүмкіндік болса, Балтық жағалауы елдерін олай ұстап тұру мүмкін болмады. Ал Молдовада бірнеше жыл бойы жалғасып келе жатқан Приднестровьедегі қақтығыс өршіп, ол соғысқа ұласты.
Сол сияқты Таулы Қарабақ төңірегіндегі Армения мен Әзербайжан арасындағым қақтығыс алғашқы Қарабақ соғысына ұласып келе жатты. Грузия өзінің алғашқы президенті Звиад Гамсахурдиді тақтан құлатуға дайындалып жатыр. Тәжікстан азаматтық соғыс табалдырығында тұрды.
Осы орайда түрлі қиындықтармен бірлесіп күресу үшін бастапқыда славян мемлекеттері ретінде шектелуі тиісті одақ Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы деп өзгертілді. Ол ұйымға мүше болғысы келетіндерге есік ашық екенін мәлімдеді. Ең алдымен Орталық Азия тартылды. Түрікменстан уақыт өте келе қауымдастырылған мүшесіне айналды. Күнгей Кавказ бен Молдоваға да кезек келді. Балтық маңы елдері ғана ТМД-дан тыс қалды.
ТМД-ны толыққанды халықаралық ұйымға айналдыру туралы шешім тек 1993 жылы қабылданып, кейін жүзеге асырылды. Ал Украина ТМД жарғысына қол қоймады және өзін ТМД-ның мүшесі емес, оған қатысушы деп санады.
ТМД интеграция әдісіне айналды
ТМД-ға мүше мемлекеттер алғашқы кезден-ақ қарама-қайшы баға беріп жатты: бірі интеграция әдісі десе, бірі көзбояушылық деп атады.
1992-1993 жылдарға қарай проблемалар біршама бәсеңдеп, жаңа мемлекеттер ресми түрде жекелеген басқару құрылымдарына айнала бастады. Осылайша саяси интеграция жойылып, посткеңестік экономика үшін маңызы бар байланыстар үшін экономикалық интеграцияны біршама ұстап тұруға тырысты.
1992 жылдың мамырында ТМД Ұжымдық қауіпсіздік шартымен толықтырылды. Ол құжат әскери саладағы кеңестік аласапыранды жою үшін платформаға айналды.
90-жылдардың ортасына қарай ТМД өзінің негізгі міндетін орындағаны белгілі болды. Барлық салада посткеңестік аласапыран басылып, мемлекеттер егемен ел атанды, олардың элиталары ұлттандырылды.
90-жылдардың екінші жартысынан бастап посткеңестік елдердің көбінің экономикасының бастапқыда баяу, кейін қарқынды қалпына келу екпінін көрсетті.
Интеграцияның жаңа үлгілері
Осы уақыттан бастап посткеңестік кеңістіктегі интеграцияны мүлде басқа принцип бойынша жүзеге асыру мүмкін болды – бірыңғай экономикалық, заңды, әскери және содан кейін ғана саяси кеңістік құру қажет еді. Бұл бірыңғай құрылым емес, түрлі құрылымдардың байланыс және өзара іс-қимыл үлгісі ретінде ұйымдастыру қажет болды.
ТМД мен ҰҚШ форматы өзекті мәселелерді қамти алмады. Сондықтан ТМД бұрынғы басқарушылар клубына айналып, онда президенттер, премьерлер мен негізгі министрлер Достастық үшін өзекті мәселелерді алдын ала талқылаумен айналысты.
ҰҚШ Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы ретінде атауын өзгертті. Түрлі жаңа құрылымдарды (Кеден одағы, ЕАЭО, ШЫҰ) құруды қарастыратын түрлі интеграция тұжырымдамалары таныстырыла бастады. Нәтижесінде ТМД-ны посткеңестік кеңесте Британ достастығының орысша нұсқасы ретінде қабылдай бастады.
КСРО жоқ, басқарушы орталық жоқ әлемде тірек күшін сезіну үшін посткеңестік элита құрған ТМД жалпы өз міндетін орындады деп айтуға болады.
Автор пікірі редакция көзқарасыман сәйкес келмеуі мүмкін.