Елорда тынысы

Сархат Бейсенова жаңа жылды қалай атап өтуге болатынын айтты

© Photo : сайт акимата столицыГлавный государственный санитарный врач города Сархат Бейсенова
Главный государственный санитарный врач города Сархат Бейсенова - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.12.2021
Жазылу
Дәрігерлер мен эпидемиологтар жұртшылықты сақ болуға және карантин шектеулері мен санитарлық нормаларды сақтауға шақырып отыр
НҰР-СҰЛТАН, 8 желтоқсан – Sputnik. Елорданың бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова қала тұрғындарын алдағы мерекелерді шағын отбасылық ортада өткізуге шақырды.
"Қаланың "сары" аймақта болуы карантиндік шектеулерді сақтау қажеттігін білдіреді, бұл туралы Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысында айтылған", - деді ол қалалық әкімдікте өткен онлайн брифинг барысында.
Ол алдағы мерекелерден кейін эпидемиологиялық жағдай нашарлап, коронавирус инфекциясы көбейіп кетпеу үшін сақтық шараларын сақтау керектігін еске салды.
"Сондықтан қала тұрғындарын жаңа жылды туыстарымен бірге шағын ортада атап өтуге шақырамын", - деді ол.
Нұр-Сұлтан қаласы 26 қазаннан бастап эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша "сары" аймақта тұр, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 2021 жылдың 24 қыркүйегіндегі қаулысы негізінде салтанатты, естелік, отбасылық іс-шараларды, оның ішінде банкеттерді, үйлену тойларын, мерейтойларды "сары" аймақта 50%-ке дейін, бірақ 70 орыннан аспайтын жерде өткізуге рұқсат етіледі. Келушілер мен мекеме қызметкерлері арасында тек "жасыл" статустың болуы міндетті шарт болып саналады.
Жаңалықтар
0