https://sputnik.kz/20211208/Almaty-zhastary-bagdarlama-18856815.html
"Алматы жастары" бағдарламасы 2022 жылы да жалғасады
"Алматы жастары" бағдарламасы 2022 жылы да жалғасады
Sputnik Қазақстан
Қала әкімі бағдарламаның тиімді тұсы ретінде жастарға пәтерді қаланың кез келген жерінен алу мүмкіндігі берілгенін атап өтті 08.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-08T13:07+0500
2021-12-08T13:07+0500
2022-02-01T13:05+0500
өңірлер
алматы
жастар
баспана
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/08/18856019_0:0:1281:723_1920x0_80_0_0_8ddbe80ba906ffa386fc0160b7f0d87f.jpg
АЛМАТЫ, 8 желтоқсан – Sputnik. Жастардың баспана алуына мүмкіндік беретін "Алматы жастары" бағдарламасы 2022 жылы да жалғасады. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Қала әкімі бағдарламаның тиімді тұсы ретінде жастарға пәтерді қаланың кез келген жерінен алу мүмкіндігі берілгенін атап өтті."Былтыр жастар 1000 пәтер алды, оның ішінде 300 мұғалім, 300 дәрігер, спортшылар, журналистер мен ғылым, мәдениет саласының қызметкерлері бар. Биыл да 1000 адам баспаналы болды. Келесі жылы да бұл бағдарлама жалғасын табады, өте үлкен сұранысқа ие", - деді Алматы әкімі."Алматы жастары" бағдарламасыБағдарламаға қатысушылардың жасы 35-тен аспауға тиіс, бағдарламаға өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінде меншік құқығында тұрғын үй болмауы керек.Қатысушының Алматы қаласындағы ресми жұмыс өтілі келесідей мамандықтарда — денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, университеттер мен ғылыми-зерттеу институттары, бұқаралық ақпарат құралдары және құқық қорғау органдары сияқты санаттарда кемінде соңғы 6 айды құрауы керек.Оқи отырыңыз:
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/08/18856019_0:0:1281:805_1920x0_80_0_0_ea946b7ea95aa5e9562cd3f2f369666e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, жастар, баспана
"Алматы жастары" бағдарламасы 2022 жылы да жалғасады
13:07 08.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Қала әкімі бағдарламаның тиімді тұсы ретінде жастарға пәтерді қаланың кез келген жерінен алу мүмкіндігі берілгенін атап өтті
АЛМАТЫ, 8 желтоқсан – Sputnik. Жастардың баспана алуына мүмкіндік беретін "Алматы жастары" бағдарламасы 2022 жылы да жалғасады. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Алматы жастары" бағдарламасын бастаған кезде бір жылда тоқтатамыз деп жоспарлаған жоқпыз. 14 миллиард теңгеден бастадық: біз 10 миллиард теңге бердік, "Отбасы банк" 4 миллиард теңге берді. Биыл баға қымбаттағаннан кейін оны 18 миллиардқа көтердік: 14 миллиард теңге әкімшілік және 4 миллиард теңгені "Отбасы банк" берді", - деді қала әкімі.
Қала әкімі бағдарламаның тиімді тұсы ретінде жастарға пәтерді қаланың кез келген жерінен алу мүмкіндігі берілгенін атап өтті.
"Былтыр жастар 1000 пәтер алды, оның ішінде 300 мұғалім, 300 дәрігер, спортшылар, журналистер мен ғылым, мәдениет саласының қызметкерлері бар. Биыл да 1000 адам баспаналы болды. Келесі жылы да бұл бағдарлама жалғасын табады, өте үлкен сұранысқа ие", - деді Алматы әкімі.
"Алматы жастары" бағдарламасы
Бағдарламаға қатысушылардың жасы 35-тен аспауға тиіс, бағдарламаға өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінде меншік құқығында тұрғын үй болмауы керек.
Қатысушының Алматы қаласындағы ресми жұмыс өтілі келесідей мамандықтарда — денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, университеттер мен ғылыми-зерттеу институттары, бұқаралық ақпарат құралдары және құқық қорғау органдары сияқты санаттарда кемінде соңғы 6 айды құрауы керек.