https://sputnik.kz/20211208/Almaty-omikron-shtamy-18855950.html
Алматының денсаулық сақтау саласы "омикрон" штамына дайын ба
Алматының денсаулық сақтау саласы "омикрон" штамына дайын ба
Sputnik Қазақстан
Әкімнің сөзінше, қазір денсаулық сақтау объектілерін жабдықтау көрсеткіші 91,5%-ті құрайды 08.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-08T12:45+0500
2021-12-08T12:45+0500
2022-02-01T13:05+0500
өңірлер
алматы
коронавирус
денсаулық сақтау
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/09/15693721_0:159:3073:1888_1920x0_80_0_0_2d820af5fc9dec12c66fbe6e3069b009.jpg
АЛМАТЫ, 8 желтоқсан – Sputnik. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев коронавирустың "омикрон" штамына қаланың денсаулық сақтау бойынша инфрақұрылымы дайын екенін айтты. Бұл туралы мегаполис әкімі орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі."Қазір қалада эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Аурудың шарықтау шегінде қалада науқастарға арнап 10 мың төсек-орын дайындадық. Қазір оның саны мыңның үстінде, ол жерде 204 науқас жатыр. Яғни, күнделікі өсім 0,2%. (...) "Омикрон" штамының әсері қандай болатыны белгісіз, кей ел соған байланысты локдаун жариялап жатыр. Алматыда 20-дан ПТР зертханасы жұмыс істейді, соның ішінде негізгі 5 зертханадан шыққан анализді ұлттық орталыққа және Оңтүстік Кореядан келіп қаламызда жұмыс істеп жатқан әріптестерімізбен бірлескен зертханаға күнделікті жіберіп отырмыз. Қазірге дейін "омикрон" штамы шыққан жоқ", - деді Сағынтаев.Оның сөзінше, былтырдан бері Алматыда денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын дамыту бойынша жұмыстар атқарылды. Дәрігерлердің де тәжірибесі молайды."Емдеу алгоритмі бар. Қажетті қорғаныш заттары жеткілікті, дәрі-дәрмек бар. Қажетті құрал-жабдықпен толық қамтылған. Егер елімізге қазіргі шектеулерге қарамастан "омикрон" штамы келер болса, Алматының денсаулық сақтау бойынша инфрақұрылымы қиындыққа апармай, халықты аман-есен сақтап қалуға дайын", - деді Сағынтаев.Әкімнің сөзінше, қазір денсаулық сақтау объектілерін жабдықтау көрсеткіші 91,5%-ті құрайды. Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшелері 100% жабдықталған.Оқи отырыңыз:
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/09/15693721_172:0:2901:2047_1920x0_80_0_0_df44f7da761f068332914a02cccbb82a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, коронавирус, денсаулық сақтау
алматы, коронавирус, денсаулық сақтау
Алматының денсаулық сақтау саласы "омикрон" штамына дайын ба
12:45 08.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Әкімнің сөзінше, қазір денсаулық сақтау объектілерін жабдықтау көрсеткіші 91,5%-ті құрайды
АЛМАТЫ, 8 желтоқсан – Sputnik. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев коронавирустың "омикрон" штамына қаланың денсаулық сақтау бойынша инфрақұрылымы дайын екенін айтты. Бұл туралы мегаполис әкімі орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Қазір қалада эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Аурудың шарықтау шегінде қалада науқастарға арнап 10 мың төсек-орын дайындадық. Қазір оның саны мыңның үстінде, ол жерде 204 науқас жатыр. Яғни, күнделікі өсім 0,2%. (...) "Омикрон" штамының әсері қандай болатыны белгісіз, кей ел соған байланысты локдаун жариялап жатыр. Алматыда 20-дан ПТР зертханасы жұмыс істейді, соның ішінде негізгі 5 зертханадан шыққан анализді ұлттық орталыққа және Оңтүстік Кореядан келіп қаламызда жұмыс істеп жатқан әріптестерімізбен бірлескен зертханаға күнделікті жіберіп отырмыз. Қазірге дейін "омикрон" штамы шыққан жоқ", - деді Сағынтаев.
Оның сөзінше, былтырдан бері Алматыда денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын дамыту бойынша жұмыстар атқарылды. Дәрігерлердің де тәжірибесі молайды.
"Емдеу алгоритмі бар. Қажетті қорғаныш заттары жеткілікті, дәрі-дәрмек бар. Қажетті құрал-жабдықпен толық қамтылған. Егер елімізге қазіргі шектеулерге қарамастан "омикрон" штамы келер болса, Алматының денсаулық сақтау бойынша инфрақұрылымы қиындыққа апармай, халықты аман-есен сақтап қалуға дайын", - деді Сағынтаев.
Әкімнің сөзінше, қазір денсаулық сақтау объектілерін жабдықтау көрсеткіші 91,5%-ті құрайды. Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшелері 100% жабдықталған.