https://sputnik.kz/20211207/qazaqstan-tarikhy-litva-18847800.html
"Қазақстан тарихы" кітабы литван тіліне аударылды
"Қазақстан тарихы" кітабы литван тіліне аударылды
Sputnik Қазақстан
Кітап авторы басылымның негізгі мақсаты оқырмандарды Ұлы дала өркениетінің тарихымен таныстыру екенін атап өтті 07.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-07T16:00+0500
2021-12-07T16:00+0500
2022-02-01T13:05+0500
қоғам
тарих
кітап
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/07/18847639_0:40:2080:1216_1920x0_80_0_0_39167eee42f27021a89ec5efd453ba7a.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 7 желтоқсан – Sputnik. Вильнюсте литван тіліне аударылған "Қазақстан тарихы" кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Қазақстанның Литвадағы елшісі Виктор Темірбаев Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған іс-шараны ашып, бұл Қазақстан-Литва мәдени қатынастарындағы маңызды оқиға екенін атап өтті. Литва оқырмандары қазақ халқының ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі тарихы, сондай-ақ оның бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күресі туралы біле алады.Кітап авторы, Қазақстан білім және ғылым министрлігі мемлекет тарихы институтының директоры Еркін Әбіл өзінің бейнеүндеуінде бұл басылымның негізгі мақсаты оқырмандарды Ұлы дала өркениетінің тарихымен таныстыру екенін атап өтті.Әбілдің айтуынша, соңғы жылдары республика басшылығы Қазақстан тарихының аспектілерін ғылыми тұрғыдан зерттеуге көп көңіл бөліп келеді.Литва сеймінің Қазақстанмен парламентаралық байланыстар тобының төрағасы Эдмундас Пупинис өз сөзінде республикамыздың тәуелсіздік жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық саладағы жетістіктерін, сондай-ақ Қазақстандағы таяудағы саяси өзгерістерді жоғары бағалады.Оның айтуынша, ұсынылған кітап Литва мен Қазақстан халықтары арасындағы гуманитарлық байланыстардың дамуына елеулі үлес қосады.Ашылу салтанатына Сейм депутаттары, сыртқы істер министрлігінің, іскерлік және академиялық орта өкілдері, Қазақстанның құрметті консулдары, мәдениет қайраткерлері және қазақстандық студенттер қатысты.Кітаптардың көшірмелері Литваның жетекші университеттерінің кітапхана қорларына және Вильнюс, Клайпеда және Каунас орталық қалалық кітапханаларына жіберіледі.Оқи отырыңыз:
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/07/18847639_0:0:2080:1309_1920x0_80_0_0_64781e4b577a55329e6d871c18d04a02.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тарих, кітап
"Қазақстан тарихы" кітабы литван тіліне аударылды
16:00 07.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Кітап авторы басылымның негізгі мақсаты оқырмандарды Ұлы дала өркениетінің тарихымен таныстыру екенін атап өтті
НҰР-СҰЛТАН, 7 желтоқсан – Sputnik. Вильнюсте литван тіліне аударылған "Қазақстан тарихы" кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Қазақстанның Литвадағы елшісі Виктор Темірбаев Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған іс-шараны ашып, бұл Қазақстан-Литва мәдени қатынастарындағы маңызды оқиға екенін атап өтті. Литва оқырмандары қазақ халқының ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі тарихы,
сондай-ақ оның бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күресі туралы біле алады.
"Дипломат қонақтарды Қазақстанның үш онжылдықтағы табыстарымен таныстырды. Елші сондай-ақ азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалар туралы ақпарат берді", - делінген Қазақстанның Литвадағы елшілігі таратқан ақпаратта.
Кітап авторы, Қазақстан білім және ғылым министрлігі мемлекет тарихы институтының директоры Еркін Әбіл өзінің бейнеүндеуінде бұл басылымның негізгі мақсаты оқырмандарды Ұлы дала өркениетінің тарихымен таныстыру екенін атап өтті.
Әбілдің айтуынша, соңғы жылдары республика басшылығы Қазақстан тарихының аспектілерін ғылыми тұрғыдан зерттеуге көп көңіл бөліп келеді.
Литва сеймінің Қазақстанмен парламентаралық байланыстар тобының төрағасы Эдмундас Пупинис өз сөзінде республикамыздың тәуелсіздік жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық саладағы жетістіктерін,
сондай-ақ Қазақстандағы таяудағы саяси өзгерістерді жоғары бағалады.
Оның айтуынша, ұсынылған кітап Литва мен Қазақстан халықтары арасындағы гуманитарлық байланыстардың дамуына елеулі үлес қосады.
Ашылу салтанатына Сейм депутаттары, сыртқы істер министрлігінің, іскерлік және академиялық орта өкілдері, Қазақстанның құрметті консулдары, мәдениет қайраткерлері және қазақстандық студенттер қатысты.
Кітаптардың көшірмелері Литваның жетекші университеттерінің кітапхана қорларына және Вильнюс, Клайпеда және Каунас орталық қалалық кітапханаларына жіберіледі.