https://sputnik.kz/20211207/omikron-koronavirus-vaktsina-18848624.html
Академик омикрон штамын коронавирусқа қарсы табиғи вакцина деп атады
Академик омикрон штамын коронавирусқа қарсы табиғи вакцина деп атады
Жаңа штаммен ауырып жазылған адамдардың коронавирусқа қарсы иммунитеті күшейюі мүмкін 07.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-07T21:49+0600
2021-12-07T21:49+0600
2022-02-01T14:05+0600
коронавирус эпидемиясы
денсаулық
вакцина
коронавирус
/html/head/meta[@name='og:title']/@content
/html/head/meta[@name='og:description']/@content
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/04/15648739_0:0:2049:1153_1920x0_80_0_0_7ba2542ebfbab1935d70fbf9f01d9d5e.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 7 желтоқсан – Sputnik. Омикрон-штамм табиғаттың өзі жасаған тірі вакцина болуы мүмкін. Бұл туралы Ресей ғылымдар академиясының корреспондент мүшесі, вирусолог, В. А. Энгельгардт атындағы молекулярлық биология институтының зертхана меңгерушісі Петр Чумаков мәлімдеді, деп хабарлады Ura.ru басылымы."Бұл дегеніміз, коронавирустың осы штамымен ауырып жазылған адамдарда соның басқа нұсқаларына қарсы қорғаныс күшейеді", — дейді Чумаков. Ғалымның айтуынша, омикронның арқасында әлем локдаунды ұмытады. Алайда жаңа штамм коронавирустың басқа штамдарын ығыстыра ма, жоқ па, ол жағы әзірше белгісіз.Айта кетері, қазанның соңында Ботсвана және Оңтүстік Африка Республикаларында коронавирустың жаңа штамы анықталған болатын. Ғалымдардың ойынша, SARS-CoV-2 геномындағы жаңа өзгерістердің басым бөлігі омикрон-штамның аса жұқпалы екенін көрсетіп отыр. Вирус ауырып жазылғандар мен екпе алғандардың антиденесін айналып өтуі де мүмкін. Әзірге зерттеудің нақты нәтижесі шыққан жоқ.Мамандардың болжамына сәйкес, B.1.1.529 штамы әу баста иммунитеті әлсіз адамның ағзасында пайда болған. СПИД немесе ВИЧ-пен ауыратындардан тараған болуы мүмкін.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы шұғыл жиналыс шақырып, B.1.1.529 штамына қатысты алаңдаушылық білдірді. Оған "омикрон" деген атау берілді. Қазіргі кезде Еуропа одағы мен басқа да елдер кейбір Африка мемлекеттерінен адам кіргізуге тыйым салып отыр. Оның ішінде Қазақстан да бар.Оқи отырыңыз:
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/04/15648739_108:0:1857:1312_1920x0_80_0_0_e2c9a576631d75d58d7f9fe697e5560d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
коронавирус эпидемиясы, вакцина, коронавирус
Академик омикрон штамын коронавирусқа қарсы табиғи вакцина деп атады
21:49 07.12.2021 (жаңартылды: 14:05 01.02.2022) Жаңа штаммен ауырып жазылған адамдардың коронавирусқа қарсы иммунитеті күшейюі мүмкін
НҰР-СҰЛТАН, 7 желтоқсан – Sputnik. Омикрон-штамм табиғаттың өзі жасаған тірі вакцина болуы мүмкін. Бұл туралы Ресей ғылымдар академиясының корреспондент мүшесі, вирусолог, В. А. Энгельгардт атындағы молекулярлық биология институтының зертхана меңгерушісі Петр Чумаков мәлімдеді, деп хабарлады
Ura.ru басылымы.
"Бұл дегеніміз, коронавирустың осы штамымен ауырып жазылған адамдарда соның басқа нұсқаларына қарсы қорғаныс күшейеді", — дейді Чумаков.
Ғалымның айтуынша, омикронның арқасында әлем локдаунды ұмытады. Алайда жаңа штамм коронавирустың басқа штамдарын ығыстыра ма, жоқ па, ол жағы әзірше белгісіз.
Айта кетері, қазанның соңында Ботсвана және Оңтүстік Африка Республикаларында коронавирустың жаңа штамы анықталған болатын.
Ғалымдардың ойынша, SARS-CoV-2 геномындағы жаңа өзгерістердің басым бөлігі омикрон-штамның аса жұқпалы екенін көрсетіп отыр. Вирус ауырып жазылғандар мен екпе алғандардың антиденесін айналып өтуі де мүмкін. Әзірге зерттеудің нақты нәтижесі шыққан жоқ.
Мамандардың болжамына сәйкес, B.1.1.529 штамы әу баста иммунитеті әлсіз адамның ағзасында пайда болған. СПИД немесе ВИЧ-пен ауыратындардан тараған болуы мүмкін.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы шұғыл жиналыс шақырып, B.1.1.529 штамына қатысты алаңдаушылық білдірді. Оған "омикрон" деген атау берілді. Қазіргі кезде Еуропа одағы мен басқа да елдер кейбір Африка мемлекеттерінен адам кіргізуге тыйым салып отыр. Оның ішінде Қазақстан да бар.