https://sputnik.kz/20211207/korporativ-betperden-qoldanu-18847268.html
Корпоративте бетперденің орнына нені қолдануға болады
Корпоративте бетперденің орнына нені қолдануға болады
Sputnik Қазақстан
Жаңа жылдық корпоративте адам өзін де, өзгелерді де вирустан қорғай алады. Бұл мәселені маска тақпай-ақ шешуге болады 07.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-07T15:36+0500
2021-12-07T15:36+0500
2022-02-01T13:05+0500
денсаулық
бетперде
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/15/15256022_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_ab791f66bdaa901bed3c811f4ec1d574.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 7 желтоқсан – Sputnik. Мұрынға тамызатын және ылғалдаушы препараттарды бетперденің орнына пайдалануға болады. Оны тамызғаннан кейін мұрынның шырышты қабығында "биопленка" пайда болады, ол коронавирустан қорғайды. Бұл туралы ресейлік инфекционист дәрігер Евгений Тимаков айтты, деп хабарлайды РИА Новости.Оның айтуынша, мұрынның шырышты қабығын ылғалды күйде ұстау қажет. Себебі "құрғақ мұрынға" вирус жабысады. Оған жол бермеу үшін ылғалдаушы және тамызатын құралдарды қолдануға болады."Ондай препараттарды корпоративтің алдында тамызып, үйге келгесін мұрынды физиологиялық және тұзды ерітіндімен жақсылап шаю қажет. Одан кейін тағы мұрынға арналған дәрі тамызып қойған жөн", - деп атап көрсетті Тимаков.Сондай-ақ, корпоратив кезінде қолдың тазалығына баса назар аудару қажет. Соның арқасында адам ағзасына түсетін вирустар азаяды."Өзгелердің денсаулығын да ұмытпау керек. Егер тұмауратып тұрсаңыз, я болмаса, тамағыңыз жыбырлап, белгісіз себептермен шаршап тұрсаңыз, корпоративке барудың қажеті жоқ. Басқаларға жұқтырасыз. Бүгінде барлық адамда коронавирусқа қарсы иммунитет бар деп айта алмаймыз. Бәрі бірдей екпе де алмаған", - деді Тимаков.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/15/15256022_376:0:1876:1125_1920x0_80_0_0_5f2b80ccc5928bdf5fa093def953b6b8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бетперде
Корпоративте бетперденің орнына нені қолдануға болады
15:36 07.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Жаңа жылдық корпоративте адам өзін де, өзгелерді де вирустан қорғай алады. Бұл мәселені маска тақпай-ақ шешуге болады
НҰР-СҰЛТАН, 7 желтоқсан – Sputnik. Мұрынға тамызатын және ылғалдаушы препараттарды бетперденің орнына пайдалануға болады. Оны тамызғаннан кейін мұрынның шырышты қабығында "биопленка" пайда болады, ол коронавирустан қорғайды. Бұл туралы ресейлік инфекционист дәрігер Евгений Тимаков айтты, деп хабарлайды
РИА Новости.
"Корпоративте біз көп жағдайда бетперде тақпаймыз. Бірақ маска іспетті қорғаныс жасауға болады. Бүгінде мұрынның шырышты қабығын ылғалдаушы препараттар бар. Соны тамызғаннан кейін биопленка пайда болады. Ол вирустың таралуына жол бермейді", - дейді Тимаков.
Оның айтуынша, мұрынның шырышты қабығын ылғалды күйде ұстау қажет. Себебі "құрғақ мұрынға" вирус жабысады. Оған жол бермеу үшін ылғалдаушы және тамызатын құралдарды қолдануға болады.
"Ондай препараттарды корпоративтің алдында тамызып, үйге келгесін мұрынды физиологиялық және тұзды ерітіндімен жақсылап шаю қажет. Одан кейін тағы мұрынға арналған дәрі тамызып қойған жөн", - деп атап көрсетті Тимаков.
Сондай-ақ, корпоратив кезінде қолдың тазалығына баса назар аудару қажет. Соның арқасында адам ағзасына түсетін вирустар азаяды.
"Өзгелердің денсаулығын да ұмытпау керек. Егер тұмауратып тұрсаңыз, я болмаса, тамағыңыз жыбырлап, белгісіз себептермен шаршап тұрсаңыз, корпоративке барудың қажеті жоқ. Басқаларға жұқтырасыз. Бүгінде барлық адамда коронавирусқа қарсы иммунитет бар деп айта алмаймыз. Бәрі бірдей екпе де алмаған", - деді Тимаков.