Оқиға

Алматыда жылу құбыры жарылды: Рысқұлов даңғылында қозғалыс шектелді

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуАвария на теплотрассе.
Авария на теплотрассе. - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.12.2021
Жазылу
Соған байланысты қала әкімдігі көлік жүргізушілерінен алдын ала жүру бағытын өзгертуді сұрап отыр
АЛМАТЫ, 7 желтоқсан – Sputnik. Алматыда Рысқұлов даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысының маңында жылу құбыры жарылды. Қазір тұрғындарға ыстық су қайта берілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Желіде апат болған сәтте түсірілген видео тарады. Көше будан аппақ болып кетті. Видеодан көлік қозғалысы да қиындағанын көруге болады.
Алматы әкімдігінің хабарлауынша, жылу құбыры жарылған жерде "Алматы жылу жүйесі" ЖШС апат бригадасы жұмыс істеп жатыр. Қалалық полиция департаменті Рысқұлов даңғылы бойымен батыс бағытта Жансүгіров көшесінен Розовая көшесіне дейін көлік қозғалысы жабылғанын хабарлады.
Жол қалпына келтірілгенше көшедегі қозғалыс шектеледі. Соған байланысты қала әкімдігі көлік жүргізушілерінен алдын ала жүру бағытын өзгертуді сұрады.
Апаттан зардап шеккендер жоқ.
Жаңалықтар
0