https://sputnik.kz/20211207/Zhambyl-oblysy-auyl-sharuashylyk-18846437.html
Алқаптан сөреге дейін: Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы қалай дамып жатыр
Алқаптан сөреге дейін: Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы қалай дамып жатыр
Sputnik Қазақстан
Жамбыл облысы әкімінің айтуынша, әлеуметтік маңызы бар 19 тауардың екі түрінен басқасының бәрі облыста өндіріледі 07.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-07T14:02+0500
2021-12-07T14:02+0500
2022-02-01T13:05+0500
өңірлер
жамбыл облысы
бердібек сапарбаев
азық-түлік
ауыл шаруашылығы
https://sputnik.kz/img/1180/13/11801340_0:274:3072:2010_1920x0_80_0_0_e32d65d47b62057307ca3cb0d63fb4a7.jpg
АЛМАТЫ, 7 желтоқсан – Sputnik. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру жолдары мен облыста агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мәселелерге тоқталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Облыс әкімі "алқаптан сөреге дейін" жобасының жүзеге асып жатқанын жеткізді. Айтуынша, бұл жоба аясында шаруа өз өнімін тікелей сауда орталығына жеткізе алады.Жамбыл облысы әкімінің айтуынша, әлеуметтік маңызы бар 19 тауардың екі түрінен басқасының бәрі облыста өндіріледі. "Әлеуметтік маңызы бар 19 тауардың тоғызымен 100%, сегіз тауармен 50%-тен астамымен өзіміз қамтамасыз етеміз. Бізде екі өнім ғана шығарылмайды: күріш және қарақұмық. Бұл жөнінде Шығыс Қазақстан және Қызылорда облысымен келісімшартқа отырдық, қазір сол облыстардан алып жатырмыз", - деді Бердібек Сапарбаев.Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуБердібек Сапарбаевтың айтуынша, биыл қуаңшылыққа қарамастан облыста егіс көлемі артқан."Биылғы қуаңшылыққа, судың тапшылығына қарамастан, егістің көлемін азайтқан жоқпыз. Былтырмен салыстырғанда 30 мың гектар жер қосымша егістік болды. Тағы бір маңызды мәселе – пайдаланылмай жатқан жерді мемлекет меншігіне қайтарып, пайдаланатын азаматтарға беру. 11 айда 112,1 мың гектар пайдаланусыз жатқан жер мемлекет меншігіне қайтардық", - деді облыс әкімі.Сонымен қатар агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мақсатында 2021 жылдан бастап 2025 жылға дейін жалпы 350,4 миллиард теңгені құрайтын 50 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Ол бойынша облыста 3,6 мың жұмыс орны құрылады. 2021 жылы 16 жоба жүзеге асты, оның құны 10,9 миллиард теңгені құрады.Енді облыста заманауи қант зауытының құрылысы жоспарланып отыр. Зауыт қуаттылығы жылына 150 мың тонна болып, 300 жұмыс орны ашылады.Жобаның құны – 93 миллиард теңге. Кәсіпорынды іске қосу 2023 жылға жоспарланған.Қазір "Алель Агро" АҚ-мен бройлер етін өндіретін құс фабрикасының құрылысы жүргізіліп жатыр. Фабрика қуаттылығы 45 мың тонна, құны 26,5 миллиард теңге болады. Жоба 800 адамды жұмыспен қамтиды. Қазірге дейін бірінші кезеңнің құрылысы аяқталып, 43 тонна құс еті өндірілді.Оқи отырыңыз: Сапарбаев жарылыс кезінде жоғалған азаматтың отбасына өтемақы неге төленбегенін айтты
жамбыл облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1180/13/11801340_0:118:3072:2048_1920x0_80_0_0_bafda07e02def9ed56bba08bd491ac53.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жамбыл облысы, бердібек сапарбаев, азық-түлік, ауыл шаруашылығы
жамбыл облысы, бердібек сапарбаев, азық-түлік, ауыл шаруашылығы
Алқаптан сөреге дейін: Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы қалай дамып жатыр
14:02 07.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Жамбыл облысы әкімінің айтуынша, әлеуметтік маңызы бар 19 тауардың екі түрінен басқасының бәрі облыста өндіріледі
АЛМАТЫ, 7 желтоқсан – Sputnik. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру жолдары мен облыста агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мәселелерге тоқталды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Облыс әкімі "алқаптан сөреге дейін" жобасының жүзеге асып жатқанын жеткізді. Айтуынша, бұл жоба аясында шаруа өз өнімін тікелей сауда орталығына жеткізе алады.
"Маңызды мәселе – әлеуметтік дүкендер. Қазір өңірде 32 әлеуметтік дүкен жұмыс істеп тұр, оның 15-і Тараз қаласында орналасқан. Бұл жердегі баға базар мен сауда орталықтарымен салыстырғанда 15-20%-ке төмен", - деді Сапарбаев.
Жамбыл облысы әкімінің айтуынша, әлеуметтік маңызы бар 19 тауардың екі түрінен басқасының бәрі облыста өндіріледі.
"Әлеуметтік маңызы бар 19 тауардың тоғызымен 100%, сегіз тауармен 50%-тен астамымен өзіміз қамтамасыз етеміз. Бізде екі өнім ғана шығарылмайды: күріш және қарақұмық. Бұл жөнінде Шығыс Қазақстан және Қызылорда облысымен келісімшартқа отырдық, қазір сол облыстардан алып жатырмыз", - деді Бердібек Сапарбаев.
Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту
Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, биыл қуаңшылыққа қарамастан облыста егіс көлемі артқан.
"Биылғы қуаңшылыққа, судың тапшылығына қарамастан, егістің көлемін азайтқан жоқпыз. Былтырмен салыстырғанда 30 мың гектар жер қосымша егістік болды. Тағы бір маңызды мәселе – пайдаланылмай жатқан жерді мемлекет меншігіне қайтарып, пайдаланатын азаматтарға беру. 11 айда 112,1 мың гектар пайдаланусыз жатқан жер мемлекет меншігіне қайтардық", - деді облыс әкімі.
Сонымен қатар агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мақсатында 2021 жылдан бастап 2025 жылға дейін жалпы 350,4 миллиард теңгені құрайтын 50 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Ол бойынша облыста 3,6 мың жұмыс орны құрылады. 2021 жылы 16 жоба жүзеге асты, оның құны 10,9 миллиард теңгені құрады.
Енді облыста заманауи қант зауытының құрылысы жоспарланып отыр. Зауыт қуаттылығы жылына 150 мың тонна болып, 300 жұмыс орны ашылады.
Жобаның құны – 93 миллиард теңге. Кәсіпорынды іске қосу 2023 жылға жоспарланған.
Қазір "Алель Агро" АҚ-мен бройлер етін өндіретін құс фабрикасының құрылысы жүргізіліп жатыр. Фабрика қуаттылығы 45 мың тонна, құны 26,5 миллиард теңге болады. Жоба 800 адамды жұмыспен қамтиды. Қазірге дейін бірінші кезеңнің құрылысы аяқталып, 43 тонна құс еті өндірілді.