https://sputnik.kz/20211207/Yandeks-taksi-ereul-18840564.html
"Яндекс" такси жүргізушілері ереуілге шықты – олардың талабы қандай
"Яндекс" такси жүргізушілері ереуілге шықты – олардың талабы қандай
Sputnik Қазақстан
Такси жүргізушілері еңбегі бағаланбайтынына шағымданып, жолаушыларды отырғызу құнын көтеріп, комиссияны төмендетуді талап етті 07.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-07T10:06+0500
2021-12-07T10:06+0500
2022-02-01T13:05+0500
өңірлер
такси жүргізушісі
ереуіл
талап
https://sputnik.kz/img/07e5/06/10/17362356_28:0:3669:2048_1920x0_80_0_0_727fca5870c091a53d56e4457771ab6f.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 7 желтоқсан – Sputnik. Шымкентте "Яндекс Go" сервисінің такси жүргізушілері жұмыс істеуден бас тартып, ереуілге шықты. Таксистердің наразылығына – қаладағы төмен тариф пен жұмыс беруші тарапынан жоғары комиссияның болуы себеп, деп хабарлайды КТК."Таксиге отыру құны 250 теңге – бұл аз! Амортизация бар, комиссия бар, біз төлейтін айыппұлдар мен пайыздар бар. Біз жолаушыларды отырғызу құны кемінде 400 теңге болуы керек деп санаймыз. Қазір біз 6-7 шақырым жүріп, сол үшін 450-490 теңге аламыз. Ал егер салонда төрт адам отырса? Сонда бір жолаушыдан 100 теңгеден аз шығады. Біз не, автобустан кембіз бе?", - дейді такси жүргізушісі Әмірхан Борбасов.Жүргізушілердің айтуынша, Қазақстанның басқа қалаларымен салыстырғанда, Шымкентте баға әлдеқайда төмен. Ал жанар-жағармай мен қосалқы бөлшектердің үнемі қымбаттайтынын ескерсек, жұмыс істеу мүлде тиімсіз.Сервиске жұмысқа орналасарда жүргізушілер жергілікті таксомотор серіктес-компанияларда тіркеледі. Олар баға белгілеуге ықпал ете алмаймыз деп отыр.Оқи отырыңыз: Сот "Яндекс.Такси" қызметінің тоқтатылғанына қатысты түсініктеме берді"Яндекс Go" сервисінің Қазақстандағы өкілдігі қараша айының соңында комиссия қайта қаралғанын, ал тариф өскенін атап өтті. Жүргізушілердің табысын молайту үшін сервис ынталандыру бағдарламаларын ұсынады.Осы орайда компания жүргізушілердің ереуілінен бейхабар екенін мәлімдеді."Бізге жүргізушілер қандай да бір талаппен жүгінген жоқ. Біз тіпті олардың кім екенін және сервиске қосылып-қосылмағанын білмейміз. Кеше де, бүгін де сервис қалада әдеттегідей жұмыс істеп жатыр. Жұмысқа шыққан жүргізушілер саны да сол қалпы", - деді "Яндекс Go" сервисі баспасөз қызметінің қызметкері Ольга Демьянюк.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/06/10/17362356_483:0:3214:2048_1920x0_80_0_0_5408f88df21286fad672f7f151109cac.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
такси жүргізушісі, ереуіл, талап
такси жүргізушісі, ереуіл, талап
"Яндекс" такси жүргізушілері ереуілге шықты – олардың талабы қандай
10:06 07.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Такси жүргізушілері еңбегі бағаланбайтынына шағымданып, жолаушыларды отырғызу құнын көтеріп, комиссияны төмендетуді талап етті
НҰР-СҰЛТАН, 7 желтоқсан – Sputnik. Шымкентте "Яндекс Go" сервисінің такси жүргізушілері жұмыс істеуден бас тартып, ереуілге шықты. Таксистердің наразылығына – қаладағы төмен тариф пен жұмыс беруші тарапынан жоғары комиссияның болуы себеп, деп хабарлайды
КТК. "Таксиге отыру құны 250 теңге – бұл аз! Амортизация бар, комиссия бар, біз төлейтін айыппұлдар мен пайыздар бар. Біз жолаушыларды отырғызу құны кемінде 400 теңге болуы керек деп санаймыз. Қазір біз 6-7 шақырым жүріп, сол үшін 450-490 теңге аламыз. Ал егер салонда төрт адам отырса? Сонда бір жолаушыдан 100 теңгеден аз шығады. Біз не, автобустан кембіз бе?", - дейді такси жүргізушісі Әмірхан Борбасов.
Жүргізушілердің айтуынша, Қазақстанның басқа қалаларымен салыстырғанда, Шымкентте баға әлдеқайда төмен. Ал жанар-жағармай мен қосалқы бөлшектердің үнемі қымбаттайтынын ескерсек, жұмыс істеу мүлде тиімсіз.
Сервиске жұмысқа орналасарда жүргізушілер жергілікті таксомотор серіктес-компанияларда тіркеледі. Олар баға белгілеуге ықпал ете алмаймыз деп отыр.
"Яндекс Go" сервисінің Қазақстандағы өкілдігі қараша айының соңында комиссия қайта қаралғанын, ал тариф өскенін атап өтті. Жүргізушілердің табысын молайту үшін сервис ынталандыру бағдарламаларын ұсынады.
Осы орайда компания жүргізушілердің ереуілінен бейхабар екенін мәлімдеді.
"Бізге жүргізушілер қандай да бір талаппен жүгінген жоқ. Біз тіпті олардың кім екенін және сервиске қосылып-қосылмағанын білмейміз. Кеше де, бүгін де сервис қалада әдеттегідей жұмыс істеп жатыр. Жұмысқа шыққан жүргізушілер саны да сол қалпы", - деді "Яндекс Go" сервисі баспасөз қызметінің қызметкері Ольга Демьянюк.